Home Технологиялар Ғаламтор және желі Апта жаңалықтарына шолу

Апта жаңалықтарына шолу

35

Сәлем, достар!

Апта түрлі жаңалықтар мен жарқын оқиғаларға толы болды. Технология күн санап дамып, қауіпсіздік жаңа деңгейге көтерілуде, ал ғарыштағы бәсекеде Азия елдері күтпеген серпіліс жасап отыр. Біз сіздер үшін соңғы күндері ең өзекті және қызықты жаңалықтарды жинадық.

Қазақстанда не талқыланып жатыр? Енді ұялы байланыс операторларынан SIM-картаны тек жеке куәлікпен ғана сатып алуға болады. Сонымен қатар, eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды: ол арқылы жеке деректеріңіздің желіге тарап кетпегенін тексеруге болады.

Осы тұста Азия елдері ғарышты игеру жарысында жетекшілікке ұмтылып жатыр. Ал жайлы әрі сапалы құрылғыларды қалайтындар үшін ASUS компаниясы жаңа ойын мониторының таныстырылымын өткізді.Жаңалықтар легіне бірге шолу жасап, осы аптада бізді не таңғалдырғанын көрейік.

Қазақстанда SIM-карта сату тәртібі қатаңдатылады

Алаяқтардың айласы көбейген сайын мемлекет те сақтық шараларын күшейтуде. Енді елімізде SIM-картаны тек жеке куәлікпен ғана сатып алуға болады деген ұсыныс қаралуда. Иә, бұл сәл қолайсыз көрінуі мүмкін. Алайда бұл бастама арқылы азаматтардың деректері мен телефон нөмірлері қауіпсіз қорғалатын болады. Ең бастысы – алаяқтардың арбауына түсетіндер азаяды.

eGov Mobile қосымшасында жаңа қызмет іске қосылды

eGov Mobile қосымшасына қосылған жаңа Nomad Guard қызметі арқылы енді әр азамат өз деректерінің ашық қолжетімділікке түсіп кетпегенін тексере алады.

Апта жаңалықтарына шолу

Бұл – цифрлық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған маңызды қадам. Өйткені бүгінде жеке ақпараттың бөтен қолдарға түсіп кетуі әдеттегі жағдайға айналған.

Әділет министрлігі мен Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы жаңа мобильді қосымша әзірледі

Әділет министрлігі мен Жеке сот орындаушылар палатасы жаңа мобильді қосымшаны іске қосты. Енді сотпен байланысты мәселелерді шешу үшін құжат тасып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Барлық процесс телефон арқылы бірнеше рет басу арқылы жүзеге асады: өтініш бересіз, мәртебесін бақылайсыз – барлығы қарапайым әрі түсінікті.

ASUS ROG Strix XG27ACS – ойын әлеміне ерекше ену

Апта жаңалықтарына шолу

Ойын сүйер қауымның құлағына алтын сырға,! ASUS компаниясы таныстырған жаңа ROG Strix XG27ACS ойын мониторы ойын әлеміне деген көзқарасты түбегейлі өзгертуі мүмкін. Біз бұл құрылғыны әртүрлі режимде сынап көрдік және әсерімізбен бөлісуге дайынбыз. Монитордың айқын көрінісі, көзге жайлы бейнесі ойыннан бас алмайтындай әсер қалдырады. Осы монитордан кейін бұрынғы құрылғыларға қайта оралғыңыз келмейді.

Азия елдері ғарыш саласында қалай басымдыққа ие болуда?

Апта жаңалықтарына шолу

Біреулер әлі күнге дейін ғарышты тым алыс, қолжетпес дүние деп қабылдаса, Азия елдері бұл салада нақты әрекетке көшкен. Қытай, Үндістан және Оңтүстік Корея сынды мемлекеттер ғарыш бағдарламаларын дамытып, спутниктер ұшырып, жаңа зерттеулер арқылы саланың бағытын өзгертіп жатыр. Бұл енді жай жарыс емес – бүкіл әлемдік индустрияға әсер ететін үлкен өзгеріс.

Дрондар демалысты бақылауда ұстайды.Талаптар неге күшейтілді?

Мамыр мерекелері қызып тұр: демалыс, табиғат, кәуап, от жағу – әдеттегі көрініс. Бірақ бұл жолы аспаннан дрондарды көру жиілей түсті. Себебі мемлекет өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандарды анықтау үшін жаңа тәсілге көшті. Енді рұқсат етілмеген жерде от жаққаныңыз үшін айыппұл алуыңыз әбден мүмкін.