Home Технологиялар Ғаламтор және желі Электрондық цифрлық қолтаңбаны қауіпсіз пайдалану жолдары

Электрондық цифрлық қолтаңбаны қауіпсіз пайдалану жолдары

4

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қазақстан азаматтарына электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және оны қорғау шаралары туралы тағы да еске салды.

Мамандардың түсіндіруінше, электрондық цифрлық қолтаңба адамның жеке басын растауға және электрондық құжаттардың түпнұсқалығын куәландыруға арналған. Оның заңды күші бар және ол мемлекеттік қызметтерді интернет арқылы алу кезінде қолданылады.

Мамандар электрондық цифрлық қолтаңбаның кілттерін бөгде адамдарға бермеуге, оларды қауіпсіз жерде сақтауға, күрделі құпиясөздерді пайдалануға және кілттердің жарамдылық мерзімін үнемі тексеріп отыруға кеңес береді. Электрондық цифрлық қолтаңбаны басқа адамға бергені және оны өзгенің атынан пайдаланғаны үшін екі тарапқа да, яғни қолтаңбаны берген және қабылдап алған адамға да әкімшілік жаза қарастырылған.

Ұйым өкілдері ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау электрондық цифрлық қолтаңбаны заңсыз пайдалану қаупін азайтатынын атап өтті.

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.