«MOBILASER» мобильді электроника порталы жаңа жыл қарсаңында дәстүрлі сұхбаттар топтамасының алғашқы шығарылымын жариялады. Бұл топтамада IT-технологиялар, телекоммуникациялар, сатылым салаларында қызмет ететін компаниялар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ Қазақстандағы әлемдік мобильді электроника брендтерінің өкілдері өз ойлары мен келешек жоспарлары туралы айтып береді.
Бүгінгі сұхбатымыздың қонағы- Lenovo IDG компаниясының Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы Бас менеджері Әлнұр Ермағамбетов.
- Өтіп бара жатқан жылға қандай баға берер едіңіз? Бұл жыл сіздерге қандай жетістіктер әкелді және қызметтеріңізде қандай жаңа үрдістер пайда болды?
- Бұл жыл біз үшін сын-қатерлерге толы болды. Бірақ біз оларды жеңіп қана қоймай, маңызды жетістіктерге жеттік. Жасанды интеллектімен жабдықталған құрылғылардың кең таралуы да осы жылмен байланысты. Біз мұндай технологияларды алғашқылардың бірі болып ұсынғанымызға қуаныштымыз. Бұл нарықтың өзгермелі талаптарына бейімделуге және инновацияларды үздіксіз енгізуге мүмкіндік берді. Біздің “Smarter Technologies for All” – басты міндетімізді жүзеге асыру жолында ілгері жылжыдық.
-Келер жылға қандай жоспарларыңыз бар? Жаңа жылда сіздерден қандай жаңалық күтсек болады?
- Қазақстанда біздің өнімдерімізге, әсіресе жасанды интеллект негізінде жасалған шешімдерімізге қызығушылық артып келеді. Бұл бізді одан әрі дамыуға ынталандырады. 2025 жылы қазақстандық нарыққа бірнеше жаңа жасанды интеллект өнімдерін ұсынуды жоспарлап отырмыз. Олар пайдаланушылардың өмір сапасын жақсартып, еңбек өнімділігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және өз мүмкіндіктерін толық ашуға көмектеседі деп сенеміз. Сонымен қатар, тұрақты даму саласындағы жергілікті бастамаларды қолдауымызды жалғастыруды көздейміз.
Жаңа 2025 жыл біз үшін жаңа жетістіктер мен үлкен мүмкіндіктер кезеңі болады деп сенеміз. Баршаға табысты жыл тілейміз!