Наурыз – жаңару мен бірліктің, көктемнің шуағы мен жақсылықтың мейрамы. Yandex Qazaqstan қазақстандықтарды осы жарқын мерекемен құттықтап, өз қызметтеріне арнайы жаңартулар енгізді.
Ақылды бағандағы виртуалды көмекші – Алина мерекеге дайындық барысында көмекке келеді. Ол Наурыздың әр өңірде қалай тойланатынын айтып, ұлттық тағамдардың мәзірін ұсынады, сондай-ақ жақындарыңызды құттықтау үшін әдемі тілектер құрастырып береді.
Яндекс Музыкада арнайы «Наурыз» бөлімі іске қосылып, қазақстандық музыканттардың мерекелік әндері топтастырылды. Ал Кинопоиск платформасында қазақ тілінде дыбысталған шетелдік фильмдер мен отандық туындылар ұсынылды. Олардың арасында «Веном. Соңғы би», «Келінжан 3» және «Qazaq Alemi» сынды кинофильмдер бар.
20 наурызда Алматыдағы Mega Alma-Ata сауда орталығының алдында «Яндекс Go» компаниясы арнаулы фотозона ашты. «Бірге» атты бұл фотозона Yandex Qazaqstan-ның Наурызға арналған жарнамалық науқанының бір бөлігі. Биыл компания Наурыздың басты құндылығы – бірлік пен татулыққа ерекше назар аударды.

Сонымен қатар, Яндекс Go-ның тамақ жеткізу қызметі қазақстандық суретші Анелия Бекбасовамен бірлесіп, Амал мейрамына (Көрісу күні) арналған стикерлер топтамасын әзірледі. Бұл ерекше стикерлерді Яндекс Go арқылы тағамға тапсырыс бергенде алуға немесе олардың цифрлық нұсқасын мессенджерлерге жүктеп алуға болады.
20-25 наурыз аралығында Яндекс іздеу жүйесінің басты бетінде қолына домбыра ұстаған қар барысының бейнесі пайда болады. Оны басқан кезде мерекеге арналған әзіл-оспақ жорамалдар ашылады.
Наурыз мерекесіне орай ойын турнирлері өтеді
22-25 наурыз аралығында Yandex Qazaqstan Технологиялар музейінде танымал ойындар бойынша турнирлер ұйымдастырылады.
Күн сайын үш жеңімпаз анықталып, олар ерекше жейде, ыңғайлы кружка немесе ретрокомпьютерлер бейнеленген естелік белгілерге ие болады.