Home Электроника Аксессуарлар Yandex Drops ресми түрде Қазақстанда сатылымға шықты

Yandex Drops ресми түрде Қазақстанда сатылымға шықты

7

Қазақстанда Yandex Drops – Яндекстің Алиса AI негізіндегі алғашқы киілетін жасанды интеллект құрылғысы — ресми түрде сатылымға шықты. Қазақстандық пайдаланушылар Алисамен бұрыннан-ақ Яндекс Станциялары мен ТВ Станциялары арқылы таныс. Енді жасанды интеллект көмекшісі одан әрі жекелендірілген форматқа көшіп, ең жаңа Алиса AI моделіне құлаққап арқылы дауыспен тікелей жүгінуге мүмкіндік береді. Бұл — көшеде, қоғамдық көлікте, кездесуге бара жатқанда немесе күнделікті шаруалар кезінде телефонды шығармай-ақ қолдануға болатын ыңғайлы шешім.

Ресейде өткен алғашқы сатылымдар жаңа форматқа деген жоғары қызығушылықты айқын көрсетті. Іске қосылғаннан кейінгі бір апта ішінде пайдаланушылар Алиса AI чат-боты арқылы 15 мыңнан астам құрылғы сатып алған.

Yandex Drops ресми түрде Қазақстанда сатылымға шықты

Алиса AI — Яндекстің нейрондық желі технологиясына негізделген әмбебап жасанды интеллект жүйесі. Ол орыс тілінде жұмыс істейді және күнделікті сұрақтарға жауап берумен қатар, күрделі танымдық міндеттерді де орындай алады. Түсініксіз ұғымдарды ғылыми тұрғыдан жүйелеп, қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіреді, әртүрлі дереккөздердегі ақпаратты талдап, ықшам әрі мазмұнды түрде ұсынады.

Yandex Drops ресми түрде Қазақстанда сатылымға шықты

Yandex Drops құрылғысын пайдаланушылар алғашқылардың қатарында Алиса AI жүйесіндегі «Менің жадым» атты жаңа функцияға қол жеткізеді. Бұл мүмкіндік адам ойындағы маңызды ақпаратты, атқарылатын істер мен өзара келісімдерді кез келген уақытта сақтап қоюға арналған. Жол үстінде, кездесуден кейін, серуен кезінде, дүкенде немесе сапар алдындағы сәттерде қысқасы күнделікті өмірдің кез келген жағдайында Алисаға қажетті мәліметті есте сақтауды айту жеткілікті. Жүйе дауыспен берілген ақпаратты автоматты түрде өңдеп, оны құрылымдалған мәтінге, тізімге немесе еске салғышқа айналдырады.

Yandex Drops ресми түрде Қазақстанда сатылымға шықты

Мысалы, орталыққа бару алдында қажетті құжаттарды тізімдеп сақтауды, тауға шығуға керек заттарды жүйелеуді, дәрігер немесе банк маманына қойылатын сұрақтарды жазып қоюды, отбасылық тойға дайындық ретінде қажетті сатып алуларды еске сақтауды немесе постаматтан тапсырысты алып кетуді жоспарлауды тапсыруға болады. Барлық жазбалар смартфон мен компьютердегі Алиса AI қосымшасының «Менің жадым» бөлімінде, сондай-ақ Яндекс Станциялары мен ТВ Станцияларында қолжетімді. Ақпаратты дауыс арқылы да, қолмен де қосуға, өзгертуге және жоюға мүмкіндік бар.

Yandex Drops құрылғысы толыққанды сымсыз құлаққап ретінде де қызмет атқарады. Ол музыка тыңдауға, қоңыраулар қабылдауға және ақылды үй жүйесін дауыстық басқару арқылы реттеуге мүмкіндік береді.

Yandex Drops ресми түрде Қазақстанда сатылымға шықты

Құлаққаптар қысқа әрі қарапайым дауыстық командаларды таниды және оларды интернет байланысынсыз да орындай алады. «Төмендет», «тоқтат», «жалғастыр» сияқты нұсқаулар бірден іске қосылады. Жүйе шулы орта жағдайына бейімделген, сондықтан көшеде, қоғамдық көлікте, сауда орталықтарында немесе спорт залдарында да командаларды дәл қабылдайды.

Yandex Drops ресми түрде Қазақстанда сатылымға шықты

Құрылғы сенсорлық басқару тетігімен жабдықталған. Бір рет басу арқылы қоңырауды қабылдауға, музыканы басқаруға және шуды бәсеңдету режимін қосуға болады, ал жанасу қимылы дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді. Құлаққаптар IP54 стандарты бойынша шаң мен ылғал әсеріне төзімді, бұл оларды күнделікті серуен мен жаттығу кезінде қолдануға қолайлы етеді. Шуды бәсеңдету функциясы мен Алиса AI белсенді режимде жұмыс істегенде батареяның жұмыс уақыты бес сағатқа дейін жетеді, ал бұл функциялар өшірілген жағдайда сегіз сағатқа дейін пайдаланылады.

Yandex Drops ақ, қара және күлгін түстерде қолжетімді. Қазақстанда олар Kaspi.kz платформасында, сондай-ақ Technodom, Mechta және Sulpak дүкендерінде, сондай-ақ Алиса фирмалық дүкенінде 54 990 теңге бағасымен сатылуда.