Сәлем, қадірлі оқырман!
Кейде апта зу етіп өте шыққандай көрінеді. Бірақ аздап зер салсақ, назар аударар жаңалықтың аз еместігін байқаймыз. Біреулер онлайн түрде құжат рәсімдеп жатыр, енді бірі – Google-ден шақырту алады. Ал Қарағандыда оқушылар болашақ кәсіпкер ретінде алғашқы қадамдарын жасап көрді.Біз апта бойы назар аударуға тұрарлық оқиғаларды жинап, қысқа шолу әзірледік.
Оқи отырыңыз:
Жеке куәлікті онлайн рәсімдеуге болады
Жеке куәлігіңізді жоғалтып алған кезіңіз болды ма? Әлде оны жаңарту үшін ұзын-сонар кезекте тұрып, уақытыңыз бен шыдамыңызды сарп еттіңіз бе? Енді бұл мәселені үйден шықпай-ақ шешуге болады.

Қазақстанда енді жеке куәлікті Digital ID қосымшасы арқылы рәсімдеуге мүмкіндік пайда болды. Құжатқа қажет фото, қолтаңба мен биометриялық деректерді бір ғана смартфонның көмегімен жібересіз. ХҚКО-ға (ЦОН) барудың, қағаз толтырудың, кезекте тұрудың қажеті жоқ.
VK Cloud Қазақстанда машиналық оқытуға арналған платформаны іске қосты
Егер сіз IT саласында жұмыс істесеңіз не технология жаңалықтарына бейжай қарамасаңыз, бұл жаңалықтан аттап өте алмайсыз.VK Cloud компаниясы Қазақстанда машиналық оқытуға арналған өз платформасын іске қосты. Енді жергілікті мамандар нейрожелілерді қымбат құрылғылар мен шетелдік сервистерсіз-ақ үйрете алады.
Миллиардер, өнертапқыш, еркін ойлы тұлға:Илон Маск қандай жаңалықтарымен танымал?
Оны біреулер болашаққа жол салған өнертапқыш десе, енді бірі жарнама мен инвестицияны шебер меңгерген кәсіпкер деп бағалайды. Илон Масктың аты аталғанда, бірден ғарыш, жасанды интеллект, электрлі көлік немесе Марсқа көшу ойға оралады. Алайда оның атағы шынайы жетістігінің нәтижесі ме, әлде мықты маркетингтің жемісі ме?

Илон Маск әрдайым назарда. Бірақ ол негізін қалаған жобалардың барлығын өзі ойлап тапты ма? Әлде кейбіріне тек қаржылай қолдау көрсетіп, бастаманы дамытқан жандардың атын көлеңкеде қалдырды ма?
Павлодарлық студент Google компаниясынан жеке шақырту алды
Павлодардан шыққан колледж студенті ешқандай таныссыз, байқаусыз-ақ Google-дан жеке шақырту алған. Ол мұндай мүмкіндікке адал еңбегі мен ізденісінің арқасында қол жеткізген. Қысқа әрі шабыт сыйлайтын мақалада студенттің бұл деңгейге қалай жеткені және оны өзгелерден қандай қасиеттері ерекшелендіргені баяндалады.
Қарағандыда мектеп оқушыларына арналған стартаптар байқауы ұйымдастырылды
Қарағандыда мектеп оқушылары бизнес бастамашысы ретінде өздерін сынап көрген жоба аяқталды.Бұл жай ғана жапсырма жабыстыратын байқау немесе көңіл көтеретін ойын емес, нағыз стартап-лагерь болды. Оқушылар командамен жұмыс істеп, өз идеяларын сарапшылар алдында қорғап, нақты пікірлер естіді.
1 маусым – тек мереке емес, онлайн қауіпсіздік жайлы ойланатын күн

1 маусым – балаларға сыйлық пен қуаныш сыйлайтын мереке ғана емес, олардың онлайн кеңістіктегі амандығына назар аударатын сәт. Бұл мақалада балаңызбен сенімді қарым-қатынас орнату, интернеттегі қауіп-қатер жайлы алдын ала сөйлесу және сандық қауіпсіздікті сақтау жолдары жайлы нақты кеңестер берілген.
Апта түрлі жаңалықтарға толы болды. Заманауи технологиялар мен тың мүмкіндіктердің күнделікті өмірімізге етене еніп келе жатқанын байқадық. Бізбен бірге болғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Алда да қызықты әрі пайдалы ақпаратпен бөлісуді жалғастырамыз. Жаңалықтан қалыс қалмаңыз!