Алматыда соңғы екі жыл ішінде IT-экожүйені дамытуға 19,2 млн АҚШ доллары (9,9 млрд теңге) көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы қала әкімдігінің цифрландыру басқармасы хабарлады.
Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматыда «Алматының IT-экожүйесін дамыту 2022-2024» атты үш жылдық жоба жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – IT-экожүйені жетілдіру және стартаптарды қолдау. Бағдарлама ақылды қалалар, жасанды интеллект, үлкен деректер және тұрақты даму сынды негізгі бағыттарды қамтиды.
MOST алаңында өткен іс-шараларға 7 мыңнан астам адам қатысқан. Тартылған инвестиция көлемі 19,2 млн АҚШ долларын құрап, стартаптардың жалпы кірісі 5,37 млрд теңгеге жеткен. Сонымен қатар, жоба аясында 2 049 жаңа жұмыс орны ашылды.
Акселерация және инкубация бағдарламаларын 309 стартап табысты аяқтады, оның ішінде 16-сы халықаралық нарықта өз өнімдерін сәтті сатуда. Жобаны іске асыру барысында 1 189 IT-маман мен 101 бизнес-ангел оқытылды. Бұдан бөлек, Digital Urban Planner және Smart City Engineer бағдарламалары арқылы 55 маман дайындалды