Жасанды интеллект кәсіби салаға жыл сайын белсенді еніп, автоматтандырылуы мүмкін жұмыс орындарының саны күннен күнге артуда. Microsoft қатысуымен жүргізілген зерттеу бойынша 40 мамандық жасанды интеллекттің ықпалына ең осал деп танылса, тағы 40 мамандық автоматтандыруға төзімді ретінде анықталған.
Зерттеу бірнеше көрсеткішке сүйенеді: тапсырмаларды қамту деңгейі (Coverage), орындалу мүмкіндігі (Completability), міндеттердің ауқымы (Scope) және жалпы AI applicability score – яғни, мамандықтың жасанды интеллектімен алмастырылу ықтималдығы.
AI-ға ең осал 40 мамандық
Бұл тізімге енген мамандықтар – міндеттері нақты ережелер мен алгоритмдерге бағынатын, қайталанатын және ақпаратпен жұмыс істейтін салаларға қатысты. Мұндай жерде жасанды интеллект ең тиімді нәтиже көрсетеді.
Олардың қатарында:
Аудармашылар (жазбаша және ауызша)
Тарихшылар
Ұшу қызметкерлері
Сауда өкілдері
Жазушылар мен авторлар
Қызмет көрсету мамандары
Сандық бағдарламамен басқарылатын станок операторлары
Телефон операторлары
Билет сатушылар мен туристік қызметкерлер
Радио жүргізушілері
Брокерлік қызметкерлер
Фермерлік және үй шаруашылығы бойынша оқытушылар
Телемаркетологтар
Саясаттанушылар
Журналистер, репортерлер
Математиктер
Техникалық жазушылар
Редакторлар, корректорлар
PR мамандары
Деректер талдаушылары және қаржы кеңесшілері
Веб-әзірлеушілер
Басқару және маркетинг аналитиктері
Архивариус, кітапханашылар және т.б.
Неліктен бұл мамандықтар осал?
Бұл мамандықтар ақпарат іздеу, мәтін құрастыру, клиентпен қарым-қатынас жасау және қайталанатын ойлау әрекеттеріне негізделген. GPT, Claude және Gemini сияқты нейрожелілер осы тапсырмаларды тиімді орындай алады.
Жасанды интеллектінен қорғалатын мамандықтар
Дегенмен, кейбір мамандықтарды автоматтандыру әзірге мүмкін емес. Бұл саладағы мамандықтардың жасанды интеллектімен алмастырылу ықтималдығы өте төмен. Атап айтқанда, тек 0,03-тен аспайды.
Жасанды интеллект әзірше алмастыра алмайтын мамандықтар:
Медбикелер мен олардың көмекшілері
Фельдшерлер мен санитарлар
Қауіпті қалдықтарды шығаратын мамандар
Сылақшы және бояушының көмекшілері
Марқұмдарды рәсімдеушілер
Ортопед-протезшілер мен бет-жақ хирургтары
Массажисттер және хирургиялық ассистенттер
Газ сорғысы мен тазалау жүйесінің операторлары
Кеме инженерлері және экскаватор машинистері
Жөндеу, құрылыс, жол және коммуналдық қызмет саласының мамандары
Тазалық қызметкерлері
Өрт сөндіру бөлімшесінің басшылары
Офтальмологиялық техникалар мен санитарлық қызметкерлер
Бұл қызмет түрлері адамның физикалық қатысуын, қол еңбегін, нәзік моториканы, адамгершілік сезім мен шынайы ортада жылдам әрекет ету қабілетін талап етеді. Қазіргі технологиялар мұндай талаптарға сай дәлдік пен икемділікті әлі толық қамтамасыз ете алмайды.
Редакциядан
Жасанды интеллектінің кез келген салаға енуі – бүгінгі күні өте өзекті тақырып. Ол барлық мамандықты алмастыра ала ма, әлде тек кейбіреулеріне ғана ықпал етеді ме? Тіпті автоматтандыру толық жүргізілген күнде де, қоғам мен экономикадағы салдары әртүрлі болжамдармен қарастырылады. Кейбір болжамдар алаңдатарлық болса, басқалары жағдайдың онша күрделі еместігін көрсетеді. Осы тақырыпты біз келесі мақалаларымызда егжей-тегжейлі талдаймыз.