Тәжірибе – ақиқаттың өлшемі
Мен жарты жылдан астам уақыт бойы «Майкрософттың» Copilot жүйесін іздеу құралы ретінде қолданамын. Бұл жүйе мен үшін өте ыңғайлы әрі тиімді болды. Ол өте сирек қателеседі және қажетті ақпаратты дәл табуға мүмкіндік береді. Әсіресе, кейде сұрақтарды, әсіресе ағылшын тілінде, нақты қою қиын болатын жағдайлар да туындап жатады. Ал Copilot арқылы оларды баяндау стилінде қоюға болады.
Бұл өте ыңғайлы, себебі іздеу барысында уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Зерттеу барысында одан басқа қандай қорытындыға келдім? Бұл жүйе тек жақсы үйретілген құрал ғана. Тоты құс та емес, себебі тоты құстар табиғи тілдің синтаксисін түсінеді. Ал Copilot тек ғаламтордан алынған ең ықтимал жауаптарды береді. Кейде, өте сирек жағдайда, ол жалған, бірақ сенімді көрінетін ақпарат та ұсынуы мүмкін. Мысалы, егер сіз «Фотошопта нақты координаттағы нұсқаушыны қалай қоюға болады?» деген сұрақ қойсаңыз, жүйе сізге «Guides» деп аталатын құрал туралы айтады. Бұл құралды көбі біле бермейді, бірақ ол фотошопта дәл координат бойынша бағыттаушы сызықтарды орнатуға мүмкіндік береді.
Ал егер сұрақ күрделі әрі түсініксіз болса, жүйе маркетолог немесе саясаткер сияқты мағынасыз, жалпылама сөздермен жауап береді. Жүйеден жәндіктердің дернәсілдік кезеңінің эволюция теориясы сұрасаңыз, жүйе нақты жауап таба алмай, түсініксіз әрі негізсіз сөздермен жауап береді.
Шындығында, мұнда шынайы интеллект жоқ және болашақта да пайда болмайды. Бұл тек жақсы үйретілген тілдік модель ғана, ақыл-ойы жоқ жүйе.
1972 жылы Х. Дрейфус «Есептеу машиналары не істей алмайды?» деген кітабында нақты жасанды интеллектінің дене мен сезім мүшелерімен, яғни нақты әлеммен физикалық байланыс болмаса пайда болмайтынын дәлелдеген. Оның болжамы дұрыс болды. Дрейфус тағы бір қызықты негіздеме жасаған:
«Бізге аса ақылды есептеу машиналарының келуі емес, ойлау қабілеті әлсіз адамдардың пайда болуы қауіп төндіреді».
Бұл шындық. Қазіргі таңда адамдар өз ақыл-ойын емес, жасанды интеллектіні қолдана отырып, өз істерін соған тапсырып жатыр. Олар енді сурет салуды, бағдарламалар жазуды немесе, тіпті, контент жазуды өздеріне қиынсынып, оны машиналарға жүктейді. Ал егер шынайы интеллект пайда болса, тіпті ол адамзатқа жақсы ниетпен келсе де, оның нәтижесі қандай болатынын ойлау қорқынышты.
Gatoazul,LJ