Home Және басқа ақпараттар Және басқалары Алматыда Xiaomi-дің алғашқы ресми дүкені ашылды

Алматыда Xiaomi-дің алғашқы ресми дүкені ашылды

10

2025 жылдың 28 маусымында Алматыдағы Aport Mall East сауда орталығында Xiaomi компаниясының Қазақстандағы алғашқы ресми дүкені ашылды. Енді брендтің жанкүйерлері жаңа гаджеттерді қолмен ұстап көруге, технологиялармен жақын танысуға мүмкіндік алды.

Алматыда Xiaomi-дің алғашқы ресми дүкені ашылды

Іс-шараға Xiaomi компаниясының аймақтық директоры Ма Чуньгуан мырза мен Қазақстандағы Xiaomi басшысы Лю Бо мырза қатысты. Бұл сәт тек бренд жанкүйерлерінің ғана емес, БАҚ өкілдері мен танымал блогерлердің де назарын аудартты. Жаңа дүкен – жай ғана сауда орны емес, гаджеттер әлеміндегі жаңа кезеңнің бастауы деуге болады.

Сатып алушыларға арнайы интерактивті аймақ ұйымдастырылды. Мұнда әр адам Xiaomi өнімдерін қолданып көріп, олардың қалай жұмыс істейтінін тексеріп көре алады. Бұл – жай ғана сауда емес, жаңа мүмкіндіктерге толы технологиялық сапар.

Алматыда Xiaomi-дің алғашқы ресми дүкені ашылды

«Біз үшін бұл дүкен – жай ғана жаңа нүкте емес, Xiaomi технологияларын қазақстандықтарға жақындату жолындағы маңызды қадам. Енді Алматыдағы жанкүйерлеріміз өнімдерді тек сатып алып қоймай, оларды заманауи әрі ыңғайлы ортада сынап көре алады. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе»-, деп Xiaomi компаниясының аймақтық директоры Ма Чуньгуан мырза өз әсерімен бөлісті.

«Бұл дүкен – біздің жаңашылдыққа деген адалдығымыздың және тұтынушылар сұранысын өтеуге ұмтылысымыздың нақты көрінісі. Біз тұтынушыларға өнімдермен жаңа деңгейде танысатын мүмкіндік ұсынамыз және ерекше сатып алу тәжірибесін қалыптастырғымыз келеді»,- деп компанияның Қазақстандағы жетекшісі Лю Бо мырза атап өтті.

Алматыда Xiaomi-дің алғашқы ресми дүкені ашылды

Aport Mall East-дегі дүкен – компанияның Қазақстандағы жалғыз жаңалығы емес. Жақында Xiaomi mi.com сайтында ресми онлайн-платформасын іске қосты. Сонымен қатар Kaspi.kz платформасында да ресми Xiaomi дүкені ашылды. Бұл бастамалар компанияның отандық тұтынушыларға сапалы, кепілді өнім ұсынуға және кәсіби қызмет көрсетуге баса назар аударатынын көрсетеді.

Алматыда Xiaomi-дің алғашқы ресми дүкені ашылды

Енді Xiaomi жанкүйерлері өздеріне қажеттінің бәрін онлайн немесе офлайн форматта оңай таба алады. Ең бастысы – сатып алған әр құрылғының түпнұсқа екеніне сенімді бола алады.

Алматыда Xiaomi-дің алғашқы ресми дүкені ашылды

Және ең кереметі – бұл дүкенде өзіңді жайлы әрі еркін сезінесің. Жарық әрі заманауи интерьер, ісіне шын берілген кеңесшілер мен гаджеттерді бірден сынап көру мүмкіндігі – мұның бәрі әдеттегі дүкен аралауды нағыз рахатқа айналдырады.

Алматыда Xiaomi-дің алғашқы ресми дүкені ашылды

Егер сіз шабыт іздесеп, жаңа технологияларды алғашқылардың бірі болып көргіңіз келсе немесе заманауи сауданың ерекше атмосферасын сезінгіңіз келсе, Aport Mall East орталығындағы Xiaomi Store-ға соғыңыз. Шынында да, көңіліңізден шығары анық.