17 жасар Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Иманәлі Қоқсал робототехника саласындағы табыстарының арқасында Пенсильвания университетінде толықтай білім алу грантын жеңіп алды.
Иманәлінің жетістіктері – оның тынымсыз еңбегінің, үздік оқуының және ғылымға деген қызығушылығының жемісі.
Робототехникаға деген қызығушылығы жетінші сыныпта басталып, халықаралық FIRST Global Challenge (FGC) сайысына қатысуы оның болашағына жол ашқан маңызды қадам.

– Сингапурда өткен «FGC 2023» жарысында инженерлік міндеттерді орындаумен қатар, матч кезінде роботты басқару міндеті маған жүктелді. Бұл, әсіресе , табандылық пен сабырлықты талап етті. Біз 194 елдің арасында іріктеу кезеңінде бірінші орын алдық. Еңбек пен төзімділіктің нәтижесіз қалмайтынын осы жетістік дәлелдеп отыр, – дейді Иманәлі.