Home Технологиялар Киберқауіпсіздік Қазақстан БҰҰ киберқылмыспен күрес конвенциясына қосылды

Қазақстан БҰҰ киберқылмыспен күрес конвенциясына қосылды

10

Қазақстан делегациясы ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Бауыржан Аленов басшылығымен Вьетнамның Ханой қаласында өткен БҰҰ киберқылмыспен күрес конвенциясын қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Noks.kz.

Бұл құжат ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қылмыстармен күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ғаламдық киберқауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Қазақстан конвенцияны әзірлеуге белсенді қатысып, мемлекеттер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл механизмдерін құруға ұсыныстар енгізген.

Конвенцияға қосылу Қазақстанға электрондық дәлелдерді шетелдермен жылдам бөлісуге, трансшекаралық киберқылмыстарды тиімді тергеуге және азаматтарды интернет алаяқтығы мен кибершабуылдардан сенімді қорғауға мүмкіндік береді.

Құжатқа қол қою мемлекеттік сандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және халықаралық аренадағы серіктестікті нығайту саясатын іске асыруда маңызды қадам болып саналады.