Home Электроника SpaceX ғарышкерлері бірінші болып «лазерлік Starlink» жүйесін сынақтан өткізеді.

SpaceX ғарышкерлері бірінші болып «лазерлік Starlink» жүйесін сынақтан өткізеді.

122

Илон Маск «Polaris Dawn» ғарышкерлерінің 1400 км биіктікке көтерілгенін растады. Олар алғашқылардың бірі болып Starlink спутниктік байланысының жаңа мүмкіндіктерін тексереді. Polaris Dawn — Crew Dragon кемесінде Starlink спутниктерімен «Plug and Play» лазерлік байланыс жүйесін сынақтан өткізетін алғашқы бағдарлама.

Polaris Dawn — Crew Dragon үшін Starlink ғаламтор-спутник желісін және лазерлік байланыс жүйесін пайдаланатын алғашқы жүйе. Ғарыш мамандары жарық сәулелерін қолданып, деректерді Starlink желісі арқылы жіберуге тырысады.NASA-ның ғарыш аппаратарымен байланысу үшін қолданылатын спутниктік деректерді ретрансляциялау жүйесі секілді  дәстүрлі жүйелерді (TDRSS) қолданбайды.

Ғарыш айлағының ішінде Wi-Fi бағдарлағыш  пен лазер арқылы қосылатын  жүйе орнатылған. Экипаж ақпарат толық ашып көрсетпесе де,алда қызықты жаңалықтармен бөлісетінін айтты

SpaceX Crew Dragon ғарышкерлері соңғы 50 жылда кез-келген адам баласына қарағандажерден ең қашықта болды. Олар ашық ғарышқа шығуға дайындалып жатыр.