Home Көлік Электокөлік немесе ДВС: Италия неге қарсы?

Электокөлік немесе ДВС: Италия неге қарсы?

37

Италия басшылығы Еуропалық Одақтың іштен жану қозғалтқыштарына тыйым салуын сәтсіз және ақылға қонымсыз деп есептейді. Италияның қоршаған орта және энергетикалық қауіпсіздік министрі Еуропалық Одақтың 2035 жылдан бастап іштен жанатын қозғалтқыштары бар жаңа автокөліктердің сатылуына тыйым салуына қарсы шықты.

“Automotive News Europe” Жильберто Пичетто Фратинді келтіре отырып, оның «тыйымды өзгерту керек» екенін, себебі «идеологиялық көзқарас сәтсіздікке ұшырағанын» айтқанын жазады. Ол бұл жоспарды мүлдем «абсурд» деп атап, Еуропаға енді «прагматикалық көзқарас» қажет екенін айтты.

Итальян шенеуніктері 2035 жылы іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктерді сатуға тыйым салуды мерзімінен бұрын қайта қарауды талап етеді. Италияның экономикалық даму және Made in Italy министрі Адольфо Урсо жаңа тыйымды 2025 жылдың басында қайта қарауды ұсынуда. Оның ойынша, бұл жоспар толық өзгеруі тиіс. Әйтпесе, еуропалық автомобиль өнеркәсібі құлдырауы мүмкін.

Электокөлік немесе ДВС: Италия неге қарсы?

Италия үкіметі ЕО-ның 27 еліне келесі онжылдықтың ортасынан бастап тек электромобильдер сатуды міндеттеудің орнына, мүше мемлекеттерге декарбонизация мақсаттарына жетуде көбірек еркіндік беру керек деп санайды. Өтпелі кезең небәрі 10 жылда жүзеге аспауы мүмкін, сондықтан іштен жану қозғалтқыштарынан электромобильдерге біртіндеп ауысу анағұрлым шынайы мақсат болар еді.

Соңғы бірнеше айда Еуропада жұмыс істейтін автокөлік өндірушілерінің көпшілігі электромобильдерге қатысты мақсаттарын қайта қарады, электрлі көліктерге толықтай көшу жоспарларын кейінге шегерді. Тіпті Volvo 2030 жылға қарай бензинді көліктердің сатылуын тоқтата алатынына күмәндануда. Mercedes, Porsche, Bentley және Ford of Europe сынды компаниялар да бұрын жариялағандай тек электромобильдерге ауысатындарына енді сенімді емес.