Цифрлық технологиялар қарқынды дамып жатқан заманда бизнесте биік нәтижеге жету – тек заманауи шешімдермен мүмкін. ASUS компаниясы жұмыс тиімділігін арттыруға арналған заманауи құрылғыларды шағын және орта бизнеске ұсынып отыр.
Expert P сериясы – кеңсе жағдайында пайдалануға арналған сенімді құрылғылар топтамасы. Бұл қатарға ExpertBook P1, P3 және P5 ноутбуктері, ExpertCenter P400 AiO моноблоктары және ExpertCenter P500 Mini Tower үлгісіндегі ықшам үстел компьютерлері кіреді.
Барлық құрылғылар бүгінгі заман талабына сай жасалған. Олар жылдамдық, сенімділік, жасанды интеллект мүмкіндіктері, оңай ІТ-басқару мен ақпараттық қауіпсіздікті бір арнаға тоғыстырады.
ASUS ұсынған құрылғылардың әрқайсысын жеке қарастырып, артықшылықтарына үңіліп көрейік. Алдымен ExpertBook P1, P3 және P5 ноутбуктеріне тоқталайық.
Бұл ноутбуктердің ортақ тұстары бар, дегенмен әрқайсысының өз ерекшелігі де жоқ емес.
ASUS ExpertBook P1 (модель P1503CVA) – ықшам әрі қолайлы бизнес-ноутбук.
Intel Core i7 (13-буын) процессорымен жұмыс істейтін бұл құрылғы DDR5 стандарты бойынша 64 ГБ жедел жадымен, жалпы көлемі 1 ТБ-қа дейінгі екі твердотельді дискпен және тиімді салқындату жүйесімен жабдықталған. Жеңіл әрі заманауи дизайны – оны күнделікті жұмысқа ыңғайлы серікке айналдырады.

Ең алдымен, көзге бірден түсетіні — құрылғының сыртқы келбеті. Ноутбуктың сұр түсті, ықшам әрі талғаммен жасалған корпусы бірден кәсіби әсер қалдырады. Салмағы бар болғаны 1,4 келі, ал көлемі – 32,45 x 21,44 x 1,97 см. Яғни, күнделікті жұмысқа алып жүруге өте ыңғайлы.
Алайда сыртқы жеңілдігіне қарамастан, құрылғы берік материалдардан жасалған. ExpertBook P1 — температураның құбылуына, дірілге, тіпті кездейсоқ соғылу мен құлауға төтеп бере алатын мықты ноутбук. Ол әскери стандартқа сай — MIL-STD-810H талаптарын толық орындайды.
Сонымен қатар, құрылғыда белсенді қолдануға арналған берік порттар мен экранды мықтап ұстап тұратын күшейтілген топсалар орнатылған. Бұл ноутбуктың сенімділігін арттырып, ұзақ мерзім пайдалануға мүмкіндік береді.

ASUS сарапшылары бұл ноутбукты күнделікті жұмысқа барынша бейімдеуге тырысқан.
Мысалы, су өткізбейтін мембраналық пернетақтасы толық көлемде жасалған. Перне жүрісі – 1,35 мм. Бұл ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуді жеңілдетіп, қолды шаршатпайды.
Ал құрылғының оң жақ қыры толықтай бос. Бұл – тетікпен жұмыс істейтіндер үшін үлкен артықшылық. Себебі тінтуірдің айналасы сымнан арылып, қол еркін қозғалады.

Порттар жеткіліксіз болады деп уайымдаудың қажеті жоқ. ExpertBook P1 түрлі құрылғылармен жұмыс істеуге толығымен дайын.Екі USB 3.2 Gen2 Type-C тетігі қуат беруге (Power Delivery) де, бейнежазбаны сыртқы құрылғыға шығаруға (DisplayPort) да мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бұрыннан таныс USB 3.2 Gen1 Type-A порттары да бар. Олар алдыңғы буын құрылғыларын қолдануға мүмкіндік береді. Бұл — ноутбуктің икемділігі мен кеңейту мүмкіндігін арттыратын тағы бір артықшылық.
HDMI 4.1b тетігі арқылы құрылғыны сыртқы мониторға қосуға болады.
3,5 мм әмбебап аудиожиек – құлаққап немесе микрофон секілді дыбыстық құрылғыларға арналған.
Құрылғының қауіпсіздігі де ұмыт қалмаған. Kensington Nano арнайы құлпы ноутбукті бөгде адамдардың қолына түспеуінен қорғайды. Ал интернетке сымды қосылу үшін RJ-45 тетігі қарастырылған.

ExpertBook P1 үлгісіндегі ноутбук сенсорлық емес, 14 дюймдік Full HD (1920 x 1080) дисплеймен жабдықталған. 16:9 пішіміндегі экранның шолуы кең, бұл оны презентациялар немесе құжаттармен жұмыс істеу кезінде өте ыңғайлы етеді. Беткі қабаты – шағылысты азайтатын антибликовое жабын, ал жарықтығы – 300 кд/м². NTSC түстік қамтуы – 45%, экранның корпустағы үлесі – 87%.
Жұмысқа қажетті камера мен дыбыс жүйесі
Ноутбук 720p HD камерасымен жабдықталған, бейнеқоңыраулар мен онлайн кездесулер үшін жеткілікті. Жақсы дыбыс сапасын Dirac технологиясы қамтамасыз етеді. Құрылғыда орнатылған динамик пен микрофон массиві де бар.
Ұзақ жұмыс істеуге арналған аккумулятор
ExpertBook P1 ұзақ жұмыс уақытымен ерекшеленеді – бұл литий-ионды 50 Вт·сағ аккумуляторының арқасы. Батарея қуаты жеткілікті және ұзақ қызмет етуге арналған.
Жоғары өнімділік пен кәсіби деңгейдегі көп міндетті атқару мүмкіндігі
13-буындағы Intel Core i7 процессоры ноутбуктың жылдам әрі көпқырлы болуын қамтамасыз етеді. Жүйеде жалпы саны 24 ядроға дейін (8 өнімді және 16 тиімді ядро) және 32 ағынға дейінгі қуат бар.
Графикалық тапсырмалар үшін Intel UHD Graphics бейнежүйесі қолданылады. Бұл кеңселік міндеттер мен мультимедиа үшін жеткілікті.

ExpertBook P1 құрылғысы қызып кетуден қорғайтын жетілдірілген ExpertCool салқындату жүйесімен жабдықталған. Бұл жүйе құрылғы ұзақ уақыт бойы жүктемемен жұмыс істеген кезде де тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді – тіпті ноутбуктың қақпағы жабық болса да. Ал салқындату жүйесінен шыққан ауа корпустың артқы жағындағы саңылаулар арқылы сыртқа бағытталады. Осылайша, ауа ағыны пайдаланушының қолына тимей, тінтуірмен жұмыс істеуді әлдеқайда ыңғайлы етеді.
Жасанды интеллект кіріктірілген көмекші
Кездесулер мен онлайн-конференциялар үшін арнайы әзірленген AI ExpertMeet2 қосымшасы – сіздің цифрлық көмекшіңіз. Жасанды интеллекіге негізделген бұл құрал дауысты мәтінге аударады, сөйлеушілерді таниды және түрлі тілдерге жылдам аударма жасай алады.
Қауіпсіздік – басты назарда
Қазіргі бизнес үшін деректер қауіпсіздігі – ең маңызды мәселелердің бірі. ExpertBook P1 құпия ақпаратты қорғауға арналған заманауи құралдармен жабдықталған. Олардың қатарында – саусақ ізі сканері мен TPM 2.0 криптожүйесі бар.
TPM 2.0 чипі – қолданбалар мен жүйелерде пайдаланылатын құпиясөздер мен шифрлау кілттерін қауіпсіз сақтайтын арнайы процессор. Ол транзакциялар жүргізу немесе маңызды деректерге қол жеткізу кезінде сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

ExpertBook құрылғысы саусақ ізі арқылы жылдам тану жүйесімен жабдықталған. Бұл — ноутбукты бөгде адамдардан қорғаудың қарапайым әрі тиімді жолы. Сонымен қатар құрылғы Windows жүйесіне арналған жоғары деңгейлі қауіпсіздік талаптарына сай жасалған «Secured-core PC» стандартын ұстанады.
Киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше мән берілген: McAfee компаниясы әзірлеген жасанды интеллект негізіндегі қорғаныс жүйесі ноутбукты түрлі қауіптерден қорғайды және деректердің құпиялылығын сақтауға көмектеседі.
Жоғары өнімділік – кәсіби міндеттер үшін
ASUS ExpertBook P3 — кеңселік тапсырмаларды ғана емес, күрделі әрі ресурсты қажет ететін жұмыстарды да атқара алатын қуатты бизнес-ноутбук. Сенімділігімен ерекшеленетін бұл құрылғы кез келген кәсіби ортада өз тиімділігін дәлелдей алады.
Көптеген мәліметпен жұмыс істейтін, қауіпсіздікке мән беретін және өнімділікті басты орынға қоятын мамандар үшін — тамаша таңдау.

Сұр түсті алюминий корпусы – берік әрі талғаммен ойластырылған. Бұл ноутбук күнделікті қолдануға ғана емес, сонымен қатар сапарлар мен жұмыс барысындағы түрлі жағдайларға да төтеп бере алады.
ExpertBook P3 – бұл сериядағы салмағы ең жоғары модельдердің бірі. Дегенмен, оның өнімділігі мен функционалдығы мұндай салмақты ақтай түседі. Ноутбуктың салмағы – 1,75 кг, ал өлшемі – 35,84 x 25,39 x 1,79 ~ 1,80 см.
Оның қуатын Intel Core i7 (13-ші буын) процессоры қамтамасыз етеді. DDR5 үлгісіндегі жедел жады – 64 ГБ-қа дейін, ал тұрақты жады – 3 ТБ-қа дейінгі екі SSD жинақтауышы арқылы беріледі. Мұндай қуат күрделі әрі ауқымды тапсырмаларды орындауға жеткілікті.
Қосымша құрылғыларды қосудың да еш қиындығы жоқ:
– екі USB 3.2 Gen1 Type-A порты;
– екі USB 3.2 Gen2 Type-C порты (электрмен қоректендіру Power Delivery және бейнежарық DisplayPort мүмкіндігімен);
– HDMI 2.1 TMDS бейнешығарылым порты;
– 3,5 мм әмбебап дыбыс ұяшығы;
– RJ45 Gigabit Ethernet желілік порты;
– Kensington Nano құлпының ұясы – ноутбукты бөтен адамдардан қорғауға арналған.

ExpertBook екі түрлі өлшемде — 14 және 16 дюймдік экранмен ұсынылады. Мысалы, 16 дюймдік WUXGA дисплейі (1920×1200 пиксель, 16:10 арақатынасы) — сенсорлық емес, бірақ күн сәулесінде шағылыспайтын қабаты бар және кең көру бұрышын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жарықдиодты артқы жарық орнатылған.
Жарық аз кезде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін пернетақтада шам бар. Толық өлшемді пернелердің жүрісі — 1,5 мм, бұл ұзақ уақыт жұмыс істеуді ыңғайлы етеді.
Жұмыс барысын жеңілдету үшін видеоқоңырауларды басқаруға арналған арнайы пернелер де қарастырылған.

Пернетақтаның ең негізгіартықшылық – оның сұйықтықтан қорғалуы. Яғни, үстіне байқаусызда шай не кофе төгілсе де, құрылғы бұзылмайды.
ExpertBook P3 моделінде Windows Hello жүйесін танитын 1080p FHD инфрақызыл камера орнатылған. Веб-камераға арнайы жабылатын шторка қосылған, оны жауып қойсаңыз, бейнеқоңыраудың кездейсоқ қосылып кету қаупі болмайды.
Заманауи бизнес ноутбуктардың ерекшелігі – жасанды интеллект технологиясын белсенді қолдануы.
ExpertBook P3 күнделікті жұмыс барысын жеңілдететін бірқатар интеллектуалды мүмкіндіктермен жабдықталған.
Мысалы, бизнес-кездесулерге арналған ExpertMeet функциялары: автоматты титр жазу, спикерлерді анықтай отырып кездесуді мәтінге түсіру, жиналыс қорытындысын қысқаша түйіндеп беру және оны басқа тілге аудару сынды пайдалы құралдарды ұсынады.
Контент қауіпсіздігін сақтау үшін бейне немесе таныстырылым бетіне сандық сутаңба түрінде компания атауы немесе визитканы орналастыруға болады. Бұл сіздің материалыңызды өзгелердің пайдаланбауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, дыбысты тазарту, бейненің сапасын арттыру сынды қосымша функциялар да жасанды зерде көмегімен жұмыс істейді. Мұндай шешімдер онлайн-кездесулер мен жұмыс қоңырауларында өнімділікті арттырады.
ExpertBook P5 – ақылды әрі аса жеңіл ноутбук
Кәсіби мамандарға арналған ExpertBook P5 – сырт келбетімен бірден көзге түсетін, талғаммен жасалған құрылғы. Алюминийден жасалған күміс-сұр корпус жіңішке (қалыңдығы – 14,9 мм) және салмағы небәрі 1,27 кг. Бірақ жеңіл болғанына қарамастан, ол өте берік: құрылғы MIL-STD 810H2 әскери стандартына сай. Бұл – ноутбук тасымалдау кезінде соққыдан, дірілден немесе құлаудан қорықпайтынын білдіреді.

Ноутбуктың өлшемі — 31,20 x 22,32 x 1,49 ~ 1,64 см.
Күнделікті жұмысқа бейімделген ыңғайлы құрылым: оң жағында порттар жоқ, сондықтан тышқанмен жұмыс істеу кезінде сымдар кедергі келтірмейді. Ал сол жақ бетінде бірқатар пайдалы порттар орналасқан: екі USB 3.2 Gen2 Type-A порты, екі Thunderbolt 4 (USB4) порты — дисплей мен қуатпен қамтамасыз етуге арналған, HDMI 2.1 және 3,5 мм дыбыс ұясы бар.
14 дюймдік WQXGA (2560 x 1600) дисплейі сенсорлы емес, бірақ сурет анықтығы жоғары. 16:10 пішіміндегі экран — көзге жайлы әрі кең көру бұрышына ие. Шағылысуға қарсы жабыны мен жарықтығы 400 нит. sRGB түстік қамтуы — 100%. Жалпы экран көлеміне шаққанда беткі аумағы — 90%. Мұның бәрі — күн ұзақ тиімді жұмыс істеуге арналған сапалы сипаттамалар.
Dolby Atmos дыбыстық жүйесі мен Smart Amp технологиясы дыбысты барынша анық әрі қанық жеткізеді. Құрылғыда кіріктірілген микрофон массиві де бар — онлайн кездесулер мен бейнеқоңыраулар кезінде дауыс нақты естіледі.
Пернетақтасы — жайлы әрі жарықпен жабдықталған. Пернелерінің жүрісі — 1,5 мм, бұл ұзақ теруде саусаққа түсетін салмақты азайтады. Сонымен бірге бейнеқоңырауларға арналған арнайы пернелер де қарастырылған.
1080p FHD ажыратымдылығындағы инфрақызыл камерасы Windows Hello арқылы бетпен тану жүйесі де бар. Ал бейнеқоңырау кезінде жасанды интеллект көмегімен кадрдағы көрініс автоматты түрде реттеліп, сіз жайлы жағымды әсер қалдырады. Қосымша қорғаныс ретінде камерада жабылатын шторка бар — бұл сізді кездейсоқ қосылып кетуден сақтайды.
ExpertBook P5 – жаңа буындағы Intel Core Ultra процессорымен жабдықталған. Ол жұмыс жүктемесін оңтайландырып, өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

ExpertBook P5 моделіндегі 63 Вт·сағ литий-ионды аккумулятор сапар кезінде де алаңдамауға мүмкіндік береді – бір толық қуаттандырумен құрылғы 28 сағатқа дейін автономды жұмыс істей алады. Бұл – жұмыс күнін бірнеше рет артынан қайталайтын жүктемелер үшін өте тиімді шешім. Сонымен қатар, аккумулятордың қызмет ету мерзімі ұзақ, яғни құрылғыны жылдар бойы сенімді пайдалана аласыз.
ExpertBook P5 жылдам әрі ақылды. Бұған Intel Core Ultra (2-серия) процессоры себеп, ол үш түрлі жасанды интеллект өңдеу блогымен жабдықталған. Сонымен қатар, LPDDR5X жедел жады 32 ГБ-қа дейін кеңейтіліп, құрылғыны алдыңғы буынмен салыстырғанда үш есе жылдам жұмыс істеуге бейімдеген.
Ноутбуктағы арнайы нейропроцессордың қуаты 47 TOPS-қа дейін, ал жасанды интеллектпен жұмыс істейтін графикалық процессор (GPU) XMX нұсқауларын қолдайды – бұл визуалды өңдеулер мен ІІ негізіндегі функцияларды әлдеқайда жылдам орындайды.
Процессор, GPU және нейропроцессор үйлесімді жұмыс істейді, ал жасанды интеллектке арналған платформа қуаты 120 TOPS-қа дейін жетуі мүмкін.

Үлкен көлемдегі деректерді сақтау үшін ноутбуктың жады 3 терабайтқа дейін жетеді. Бұл – жұмысыңызға қажет барлық файл мен құжатты жинақтап сақтауға жеткілікті мүмкіндік.
Жұмыс барысын жеңілдететін тағы бір тиімді құрал – ASUS ұсынған жасанды интеллект негізіндегі AI ExpertMeet қосымшасы. Бұл бағдарлама тікелей ноутбуктің өзінде жұмыс істейтіндіктен, барлық деректер қауіпсіз сақталады. Яғни құпия ақпарат сыртқа шықпай, тек өзіңізге ғана қолжетімді болады.
AI ExpertMeet арқылы онлайн кездесулер ұйымдастыру, спикерлердің сөзін жазып алу және тағы басқа көптеген іс жеңілдейді. Бұл жүйе сөйлеу кезіндегі сыртқы шуды өшіруге, бейнеге визуалды әсерлер қосуға, видеоқоңыраулар жүргізуге, дыбыс жазбасын мәтінге түсіруге және автоматты субтитр аудармасына мүмкіндік береді. Сондай-ақ бірнеше адамның дауысын бір-бірінен ажыратып, әрқайсысының негізгі ойын жинақтап береді.

AI Translated Subtitles – дыбыстық жазбалар мен бейнеконференциялар үшін субтитр жасап, оларды түрлі тілге аударуға мүмкіндік береді. Бұл функция тіпті тікелей эфир кезіндегі сөйлесулерге де қолданылады.
Контенттің қауіпсіздігін арттыру үшін экранда жеке белгілер мен таңбалар қою мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл өз материалыңызды көшіріп алудан немесе рұқсатсыз қолданудан қорғайды.
ExpertBook P5 ноутбугінде деректерді қорғауға арналған ең жаңа қауіпсіздік шешімдері енгізілген. Мәселен, BIOS жүйесін қорғайтын NIST SP 800-155 стандарты мен Secured-core PC үлгісі Windows 11 жүйесінде бес жыл бойы драйверлер мен BIOS-ты жаңартып тұруға кепілдік береді.
Саусақ ізі арқылы FIDO2 технологиясымен расталу – бөгде адамдардың жеке ақпаратқа қол жеткізуінен қорғайды.
Камера арқылы бет-әлпетті тану, ноутбуктан алыстаған кезде автоматты түрде құлыпталу – бұл да құпиялықты қамтамасыз ететін маңызды тетік.
Сондай-ақ жеке деректер мен құпия кілттерді сенімді сақтауға арналған TPM 2.0 чипі орнатылған. Ол түрлі төлем операциялары мен құпия ақпаратпен жұмыс істегенде қажет болады.
Ноутбукты ұрлықтан сақтау үшін Kensington Nano арнайы құлпы қарастырылған.

ExpertBook P5 ноутбугін бүгінгі заманның нағыз жұмыс құралы деуге болады. Ыңғайлы, экологиялық таза, эргономикалық тұрғыда ойластырылған бұл құрылғыда киберқауіпсіздік пен сапалы сервистік қызмет те назардан тыс қалмаған.
P1, P3 және P5: не ортақ және ненімен ерекшеленеді?
Бұл үш модельге ортақ қасиет – жеңіл әрі жұқа корпусы, ұзақ жұмыс уақыты және сапалы материалдары. Олармен сапарға шығуға да, кеңсені жиі ауыстыруға да қорықпауға болады. Гибридті жұмыс форматына лайықталған бұл ноутбуктер кеңседе де, үйде де, жол үстінде де сенімді көмекші бола алады.

ExpertBook P1, P3 және P5 бизнес-ноутбуктары заманауи технологиялар мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін біріктіріп, жұмыстағы өнімділікті арттырады. Олар сіздің күнделікті тапсырмаларыңызды автоматтандырып, күнделікті жүктемені азайтады. Осы ноутбуктердің көмегімен бизнеске қатысты кез келген міндетті жеңіл әрі тиімді шеше аласыз.
ASUS ExpertCenter P500 Mini Tower — кеңсеге арналған ықшам әрі қуатты құрылғы
ASUS ExpertCenter P500 Mini Tower — қазіргі заманғы кеңсе жұмысына арналған тиімді шешімдердің бірі. Бұл модель жоғары өнімділігімен ғана емес, ықшамдығы және стильді дизайнымен де ерекшеленеді. Құрылғыны жаңарту мүмкіндігі оның ұзақмерзімді пайдалануға жарамды екенін көрсетеді.
Басқа Tower форматындағы компьютерлермен салыстырғанда, бұл модель 42%-ға шағын, яғни кеңседе аз орын алады. Эстетикалық келбеті кез келген жұмыс кеңістігіне сән береді: ол менеджердің үстелінде де, басшылық кабинетінде де үйлесімді көрінеді.

ASUS ExpertCenter P500 Mini Tower — заманауи кеңсе үшін мінсіз таңдау. Ол жоғары өнімділік пен ықшам дизайнды үйлестіре отырып, жұмыс кеңістігін үнемдеуге көмектеседі. Үстел үстіне қоюға да, жетекшілердің жұмыс бөлмесіне қоюға да жарайды — сыртқы келбеті заманауи интерьерге үйлесіп, кәсіби атмосфераны айшықтай түседі.
P500 моделінің корпусы Tower үлгісіндегі басқа компьютерлерге қарағанда 42% кішірек. Ал оның өлшемі — 15,50 x 29,60 x 34,70 см, салмағы небәрі 6 келі. Мұндай параметрлер бұл құрылғыны жеңіл әрі тасымалдауға ыңғайлы етеді.

Intel Core i7‑13620H процессоры
DDR5 64 ГБ жедел жады
2 ТБ SSD + 2 ТБ SSD + 2 ТБ HDD жады
NVIDIA GeForce RTX 5060 дербес видеокартасы
Жоғары тиімділікке ие салқындату жүйесі
Ыстыққа берілмейтін инновациялық салқындату жүйесі
Мұндай қуатты жүйенің тұрақты жұмыс істеуі үшін арнайы жасалған Tower Air Cooler кулері орнатылған. Бұл желдеткіш өнімділікті төмендетпей, ұзақ уақыт бойы сенімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

ExpertCenter P500 Mini Tower құрылғысында салқындатуға арналған арнайы жүйе қолданылады. Арнайы пішіндегі түтіктер мен желдеткіш арқылы жылуды тарату алаңы 3402 см²-ге дейін ұлғайған. Бұл – құрылғының ұзақ уақыт жоғары жүктемемен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Қосымша құрылғыларды қосуға арналған интерфейстер
Бұл жүйеде порттардың саны мен орналасуына ерекше көңіл бөлінген. Құрылғының алдыңғы және артқы панелінде қажетті барлық қосқыштар бар.
Алдыңғы панельде мынадай порттар орналасқан:
– 2 USB 3.2 Gen1 Type-A порты
– 1 USB 3.2 Gen1 Type-C порты
– 1 біріктірілген 3,5 мм аудиоұяшық

Артқы жағында да барлық қажет қосқыштар бар:
– RJ45 Gigabit Ethernet желілік ұясы
– HDMI 1.4 порты
– DisplayPort 1.4 порты
– Kensington Lock қауіпсіздік слоты
– 4 USB 2.0 Type-A порты
Дыбыс сапасына High Definition аудиожүйесі жауап береді – бейнеқоңырау, бейнеөңдеу немесе мультимедиа көру кезінде дыбыс анық әрі таза беріледі.
Энергия үнемдеу
Экологияға бейжай қарамайтындар үшін қуанышты жаңалық – энергия тұтыну 38%-ға дейін азайған. Бұл нәтижеге бірнеше шешімнің арқасында қол жеткізілген:
– энергия үнемдейтін Intel Core i7 процессоры,
– Tower Air Cooler салқындатқышы,
– 80 PLUS Platinum сертификатталған қуат көзі,
– жүктемеге қарай жылдамдығын реттейтін ақылды желдеткіш.

Дыбыссыз жұмыс істеу режимі
MyASUS қосымшасы арқылы салқындату режимдерін басқаруға болады. Мысалы, «үнсіздік» режимін қоссаңыз, құрылғы дерлік дыбыс шығармай жұмыс істейді. Орташа жүктемеде «Теңгерімді» (Balanced) режим тиімді болса, жоғары жүктеме кезінде «Өнімділік» (Performance) режимі барынша қолайлы.
Сымсыз Wi‑Fi модулі
Егер сізге бірнеше жұмыс тапсырмаларын қатар орындап, жиі бейнеқоңыраулар жасау қажет болса, Wi‑Fi модулі тұрақты байланыс пен жоғары жылдамдықты деректерді жеткізуді қамтамасыз етеді.
ExpertCenter P500 Mini Tower – күрделі тапсырмаларға арналған құрылғы
Бұл құрылғы ең жауапты істерге арналған. Онда AI ExpertMeet конференц-менеджері мен AI Meeting Minutes секілді ақылды функциялар бар. Олар субтитрлерді автоматты түрде аударып, жасанды интеллект негізінде шуды азайтып, сутаңба қою сияқты мүмкіндіктерді жүзеге асыра алады. Бұл функциялар ExpertBook P1, P3 және P5 үлгілерінде де қарастырылған болатын.
Modern Standby – күту режимі жайлы бірнеше сөз
Бұл – құрылғыны күту күйінде де белсенді күйде ұстайтын арнайы мүмкіндік. Яғни, компьютер ұйқы режимінде болса да, интернетке қосулы тұрып, электронды хаттарды қабылдай алады және басқа да желілік функцияларды орындай береді.
Деректерді қорғау – бірінші орында
ExpertGuardian қауіпсіздік жүйесі арқылы деректеріңізді сенімді қорғауға болады. Құрылғы BIOS микробағдарламасына қатысты NIST SP 800‑155 стандартын қолдайды. Бұл бес жыл бойы BIOS пен драйверлерге тұрақты жаңарту берілетінін білдіреді.
Сондай-ақ, қатқыл дискті (HDD) жеке құпиясөз арқылы қорғау мүмкіндігі бар.
TPM 2.0 криптопроцессоры жүйенің қауіпсіздігін арттырады. Бұл микрочип шифрлау кілттерін жасап, оларды сақтау және қолдану үдерісін шектейді.
Сонымен қатар, біз бұған дейін атап өткен кенсингтон құлпы үшін арнайы ұяшық бар.

ExpertCenter P500 Mini Tower – кеңсе жұмысына арналған заманауи құрылғы
Бұл – кез келген кеңсе интерьеріне үйлесетін, қуатты әрі ықшам компьютер. Энергияны үнемді пайдаланып, кез келген күрделі тапсырманы орындай алады.
ExpertCenter P400 AiO – бизнеске арналған әмбебап моноблок
Соңында тағы бір ерекше құрылғы туралы айта кетейік – бұл бизнеске арналған өнімді моноблок ExpertCenter P400 AiO. Ол стильді әрі ықшам дизайнымен кез келген заманауи кеңістікке үйлеседі.
Құрамында қуатты Intel Core i7 процессоры, DDR5 стандарты бойынша 64 ГБ жедел жады және толыққанды қосылу интерфейстері бар.

Оны ASUS шығарған ең жіңішке моноблок деп атауға болады. Сенсорлық FHD экраны екі нұсқада ұсынылған: 23,8 және 27 дюйм. Экран көзге жайлы – шағылыспайтын жабыны және көк жарықты азайтатын технологиясымен (TÜV Rheinland сертификатымен) жабдықталған. Бұған қоса, кең көру бұрышы оны жұмыс барысында одан сайын ыңғайлы етеді.
Dolby Atmos дыбыс жүйесі – екі 5 ваттық динамиктен тұрады. Бұл бейнеқоңырау кезінде де, мультимедиамен жұмыс істегенде де сапалы әрі анық дыбыс береді.

Ыңғайлы тіреуіш (қалауыңызға қарай) моноблокқа сәнді көрініс беріп қана қоймай, экранды еңкейтуге, биіктігін өзгертуге, бұруға, тіпті кітапша форматындағы құжаттарды оқу кезінде ыңғайлы болуы үшін тік күйге келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, тіреуіштің ерекше құрылымы бар – оған дөңгелек саңылау түріндегі кабель ұстағыш орнатылған. Бұл қарапайым шешім жұмыс орнын жинақы әрі реттелген етіп көрсетуге көмектеседі.
Моноблокты қабырғаға орнатуға да болады – ол VESA стандартына сай, сондықтан арнайы кронштейндер арқылы оңай әрі берік бекітіледі.

Шеткі құрылғыларды қосуға арналған интерфейстер моноблоктың бүйір және артқы панелдеріне орналастырылған.
Бүйір жағында 3,5 мм біріктірілген аудиоұяшық, USB 2.0 Type-A порты және қауіпсіздік мақсатындағы Kensington құлпының ұясы бар.
Артқы панельде қуат көзіне арналған ұяшық, үш USB 3.2 Gen1 Type-A порты, бір USB 3.2 Gen1 Type-C порты, HDMI 1.4 (шығыс), HDMI 1.4 (кіру) және RJ45 Gigabit Ethernet порты орналасқан.
Айта кетейік, HDMI кірісінің арқасында ExpertCenter P400 AiO моноблогын ноутбукқа қосып, дисплей ретінде де пайдалануға болады.
Құрылғыда 1080p FHD сапасындағы, Windows Hello технологиясын қолдайтын, жылжымалы веб-камера бар. Егер камера қажет болмаса, оны оңай ішке кіргізуге болады. Бұл кезде ол автоматты түрде бұғатталады.
ExpertCenter P400 AiO моноблогының бүйір және артқы панелінде түрлі құрылғыларды қосуға арналған көптеген қосқыштар бар.
Бүйір панельде 3,5 мм құрама аудиоұяшық, USB 2.0 Type-A порты және Кенсингтон құлпына арналған тесігі орналасқан – соңғысы құрылғыны ұрлықтан қорғауға көмектеседі.
Артқы панельде қуат ұяшығы, үш USB 3.2 Gen1 Type-A, бір USB 3.2 Gen1 Type-C порты, HDMI 1.4 (шығыс), HDMI 1.4 (кіріс) және RJ45 Gigabit Ethernet порты бар.
HDMI кірісінің арқасында моноблокты сыртқы экран ретінде де пайдалануға болады – мысалы, ноутбукке қосып.
Құрылғыда 1080p FHD сапасындағы сырғытпалы веб-камера орнатылған. Windows Hello функциясын қолдайтын бұл камера қажет болмаған жағдайда толығымен жабылып, автоматты түрде бұғатталады.


ExpertCenter P400 AiO Wi‑Fi 7 модулімен жабдықталуы мүмкін – бұл интернетпен сымсыз байланыста жоғары жылдамдық пен тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік жағы да назардан тыс қалмаған. BIOS жүйесі NIST SP 800‑155 стандартына сай келеді, бес жыл бойы микробағдарлама мен драйверлерге жаңарту кепілдендірілген. Сонымен қатар, жүйеге биометриялық әдіспен кіру мүмкіндігі де қарастырылған.
TPM 2.0 криптопроцессоры деректерді сенімді қорғауға көмектеседі.

Іскерлік кездесулерге арналған AI ExpertMeet және AI Meeting Minutes секілді жасанды интеллектке негізделген функциялар жұмыс барысын едәуір жеңілдетеді.
ExpertCenter P400 AiO – бұл ұзақ мерзімді пайдалануға арналған, сенімді әрі қуатты моноблок. Ол қазіргі жұмыс кеңістігіне оңай бейімделіп, бизнес процестеріңізді оңтайландыруға көмектеседі.
Егер сізге қауіпсіздікке басымдық берілген, эргономикалық әрі заманауи дизайндағы құрылғы керек болса, Expert сериясы – шағын және орта бизнеске арналған үздік шешімдердің бірі.
Енді таңдау өзіңізде: кеңсеңізге қайсысы тиімді – ExpertBook P1, P3, P5 ноутбуктары, ExpertCenter P400 AiO моноблогы әлде ExpertCenter P500 Mini Tower үстелдік ДК ме?