Home Және басқа ақпараттар Оқиғалар Жас қазақстандық қыздар Кремний алқабында Technical Prize марапатына ие болды

Жас қазақстандық қыздар Кремний алқабында Technical Prize марапатына ие болды

50

Қазақстандық сегіз жасар Аиша Есет пен Ева ЖуркинаTechnovation Girls Global Summit 2024-де «Technical Prize» марапатына ие болды. Бұл іс-шара АҚШ-та, Кремний алқабындағы NVIDIA компания кеңсесінде өтті.

Олардың IHear мобильді қосымшасы ЖИ-ні пайдаланып, кохлеарлы импланттары бар балаларға сөйлеуді дамыту, сөздерді түсіну және есте сақтау жаттығуларын жүргізуге көмектеседі. «IHear» қосымшасы үздік техникалық шешімдердің бірі атанды.

Ева мен Аиша- жобаның ең жас қатысушылары. Өз жастарына қарамастан, «Ihear» жобасы кодтау мен техникалық даму тұрғысынан жоғары баға алды.

«Біз кохлеарлы импланттары бар балаларға, мысалы, біздің досымыз Айлинге, сөйлеуге және қарым-қатынас жасауға көмектесетін қосымша жасауды қаладық,» — деді Аиша Есет.

Жас қазақстандық қыздар Кремний алқабында Technical Prize марапатына ие болды

2024 жылы Technovation Girls бағдарламасына 69 елден 11 000-нан астам қыздар қатысып, әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған 3 200 технологиялық шешімді ұсынды. Қазақстан да жақсы нәтижелер көрсетті: біздің елден 2 345 қыз қатысып, 18 топ құрамасы жартылай финалға өтті.

«Жобамыздың жоғары  бағалануы на өте қуаныштымыз, IHear бағдарламасы әлем бойынша көптеген балаларға көмектесетініне үміттенеміз,» — деп қосты Ева Журкина.

Бұл жаһандық білім беру бағдарламасы қыздарды ерте жастан бастап технологиялар мен кәсіпкерлікті қолдануға үйретуді мақсат етеді. Қазақстанда бағдарлама Yandex Qazaqstan-ның қолдауымен жүзеге асырылып келеді. 8 жыл ішінде бағдарлама аясында 2 000-нан астам қыз түрлі өңірлерден мобильді қосымшаларын жасап, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар ұсынды. Қазақстандық командалар Сан-Францискоға (АҚШ) жеті рет барып, өз жобаларын әлемдік деңгейде таныстырды.