Home Аналитика Digital Transport Day: Қазақстанның көлік саласын цифрландыру

Digital Transport Day: Қазақстанның көлік саласын цифрландыру

26

Digital Transport Day іс-шарасында Қазақстанның көлік саласындағы цифрлық жобалар таныстырылды. Бұл шара – автомобиль, теміржол, теңіз және әуе көлігі салаларын қамтыған цифрландырудың маңызды кезеңі. Атап айтқанда, автожолдар, жүк тасымалы және теміржол көлігі саласында жүзеге асып жатқан жобалар назарға ілінді.

Автокөлік жолдарын дамыту саласында бірнеше цифрлық жаңалықтар ұсынылды:

  • Автоматтандырылған сараптамалар: Автокөлік жолдарын салу және жөндеу кезінде материалдар мен жұмыстардың сараптамаларын автоматтандыру үшін жаңа жүйелер енгізілді. Бұл процесс еңбек өнімділігін арттырып, қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.
  • Деректер базасы: Жол-құрылыс материалдары бойынша ашық деректер базасы жасалып, бизнес үшін қолжетімді болды.
  • Жасанды интеллект: Бұл технология жолдардың жай-күйін уақытында анықтап, қажетті жөндеу жұмыстарын жоспарлауға көмектеседі.
  • Ақылы жер нысандарындағы ақпараттық жүйелер: Республикалық жолдарда ақылы жер нысандары үшін арнайы ақпараттық жүйелер енгізілді.

Сонымен қатар, еліміздегі 95 мың километр автожолдың барлық цифрлық аспектілерін қамтитын Біріңғай қолжетімді жүйені ске асыру жоспары таныстырылды.

Жүк тасымалы саласында да маңызды өзгерістер бар:

  • Тасымалдау құжаттарын басқарудың біріңғай жүйесі: Электронды тауар-көлік жүкқұжаттары мен маршруттық парақтарды енгізу арқылы тасымалдау құжаттарын басқару процесін оңтайландыру жоспарланған.
  • Электронды рұқсат қағаздары: Қазақстан мен Өзбекстан арасында электронды рұқсат қағаздарын қолдану басталып, жақында Қытай және Түркітілдес елдермен осы жобаны кеңейту жоспарлануда.
  • Автоматты салмақ-габариттік бақылау: 2024 жылы елімізде 20-дан астам автоматтандырылған салмақ-габариттік бақылау бекеттері орнатылады.

Теміржол саласында да бірнеше цифрлық жоба іске асырылуда:

  • Жүк және жолаушылар тасымалын басқарудың ақпараттық жүйелері: Теміржол тасымалдарын басқаруды цифрландыру арқылы тасымалдардың тиімділігін арттыру көзделуде.
  • Кедендік транзит кезеңін цифрландыру Сингапурлық PSA компаниясымен бірлесіп, тауарларды кедендік транзиттеу процесін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.
  • Жасанды интеллектті қолдану: Huawei компаниясымен стратегиялық серіктестік аясында жасанды интеллектті қолдану жоспарланып отыр.
  • Цифрлық бизнес терезесі: Кәсіпкерлерге 8 коммерциялық және логистикалық қызмет көрсететін біріңғай портал ektz.kz іске қосылды.

Теңіз порттары мен Каспий секторындағы цифрлық жобалар және мультимодальды көлік дәліздері, әуе көлігі саласындағы цифрлық шешімдер де таныстырылды.

Әуежайлар мен әуе компанияларында ұшу жоспарлау және электронды құжат айналымы жүйелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстанның көлік саласындағы цифрландыру елдің инфрақұрылымын жетілдіріп, қызмет тиімділігін арттырады, экономикалық даму жолында маңызды қадам болмақ.