Қала ішінде ғана емес, ұзақ жолдарда да үнемді көлік іздейтіндерге арналған жаңа ұсыныс пайда болды. BYD компаниясы орта өлшемді седанның гибридтік және электрлік нұсқаларын таныстырды. Бұл модельдер заманауи технологиямен жабдықталып, ұзақ сапарға ыңғайлы етіп жасалған.
Алдымен негізгі сандарға тоқталайық, BYD Qin Plus Progressive бағасы 79,8 мың юань (шамамен 6 миллион теңге) және бір бак бензинмен 2055 км жол жүре алады. Көлік жақсы жабдықталған, ал гибридтік жүйенің орташа жанармай шығыны тек 2,69 л/100 км.
BYD отандық нарыққа орта өлшемді Qin Plus седанның жаңа нұсқаларын шығарды. Progressive моделі гибридтік қозғалтқышпен де, таза электр қозғалтқышпен де қолжетімді. Электромобильдің жүріс қашықтығы батарея сыйымдылығына байланысты 420–510 км аралығында, ал гибрид бір бак бензинмен 2055 км жол жүруге мүмкіндік береді. Гибридтің таза электр режиміндегі жүрісі – 128 км.
Көліктің алдыңғы суспензиясы McPherson бағандарымен, артқысы көп буынды тәуелсіз жүйемен жабдықталған. Барлық нұсқаларда 8,8 дюймдік экранмен цифрлық аспаптар тақтасы, 12,8 дюймдік медиажүйе, круиз-контроль, климат-бақылау және тағы басқа заманауи құралдар бар. Электр қозғалтқышының қуаты – 136 ат күші. Гибрид нұсқасының өлшемдері – 4780 x 1837 x 1515 мм, ал электрлік нұсқасы – 4795 x 1837 x 1515 мм.