Home Стартаптар Жапония 4G/5G байланысын стратосферадағы дирижабльдер арқылы іске қоспақ

Жапония 4G/5G байланысын стратосферадағы дирижабльдер арқылы іске қоспақ

15

Жапониялық SoftBank компаниясы америкалық Sceye стартабымен бірлесіп, стратосфераға арнайы дирижабльдер орналастыру жобасын қолға алды. Аспандағы бұл құрылғылар 20 шақырым биіктікте қалықтап, 4G/5G желісін тікелей тарататын болады.

Жоба іске асқанда, әдеттегі смартфондар ешқандай қосымша құрылғысыз тікелей қосыла алады. Байланыс тұрақтылығы жоғары болып, Starlink жүйесімен салыстырғанда екі есе аз кідіріс күтілуде. Сонымен қатар, мұндай инфрақұрылымның шығыны спутниктік жүйелерге қарағанда әлдеқайда арзан болмақ.