Home Робот пен дрондар,ЖИ Қарағанды мектеп оқушылары АҚШ-тағы робототехника чемпионатында жеңіске жетті

Қарағанды мектеп оқушылары АҚШ-тағы робототехника чемпионатында жеңіске жетті

10

2025 жылы Хьюстонда (АҚШ) өткен FIRST Championship инженерлік чемпионатында Қарағандыдан екі команда ерекше жетістікке жетті. Қарағандылықтар Core Values Coopertition Winner номинациясында жеңімпаз атанып, өздерінің жоғары біліктіліктерін көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Чемпионатта әлемнің 110 елінен 1058 командадан тұратын 50 мың қатысушы үш жас категориясында және әртүрлі номинацияларда бақ сынасты. Бәсекелестік өте жоғары болғанына қарамастан, Қарағандының «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатынан «Jeltoqsun» командасы роботтар ойынында 258 команданың арасынан топ-20 қатарынан орын алды. Ал осы мектептің Rasslexx командасы Core Values Coopertition Winner номинациясында чемпион атанды.

Қазақстанды Хьюстонда жеті команда ұсынды. Бұл Қазақстан тарихында барлық үш жас категориясында рекордтық жетістіктерге қол жеткізген алғашқы жағдай. Жалпы команда алты медаль жеңіп алды. Қарағандылықтардан бөлек, Астана, Алматы және Павлодар қалаларынан келген жас инженерлер де жоғары нәтижелер көрсетті.