Home Ақша Цифрландыру: Жұмысыңызды жоғалтсаңыз – жәрдемақы алыңыз

Цифрландыру: Жұмысыңызды жоғалтсаңыз – жәрдемақы алыңыз

33

Елімізде әртүрлі себептермен жұмыссыз қалатын азаматтар аз емес. Бірі өз еркімен жұмыстан шығады, енді бірі жұмыс берушінің шешімімен босатылады. Ал жаңа жұмыс табу оңай бола бермейді. Кейде ұсынылған қызмет түрлері талаптарыңызға сәйкес келмеуі мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда уайымға салынудың қажеті жоқ. Жұмыссыз қалсаңыз, мемлекеттен әлеуметтік төлем алуға толық мүмкіндігіңіз бар.

Бұл төлем “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” (МӘСҚ) арқылы жүзеге асырылады. Осы мүмкіндікті пайдалану жолдары туралы толығырақ ақпаратты ұсыну үшін біз “Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры” АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Марат Жаныбековтен сұхбат алдық .

Цифрландыру: Жұмысыңызды жоғалтсаңыз – жәрдемақы алыңыз

– Марат Амангелдіұлы, әлеуметтік төлемге кімдер үміткер бола алады?

– Жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемді МӘСҚ жүйесінің қатысушылары алады.Бұл төлемнің тағайындалуы үшін жұмыссыз ретінде тіркелу маңызды. Ол үшін Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 99-бабына сәйкес азамат “жұмыссыз” мәртебесін алуы қажет.

  1. МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар кемінде 6 ай бойы жасалуы тиіс.
  2. Соңғы 24 айдың ішінде, яғни төлемге өтініш бергенге дейінгі 2 жылда, әлеуметтік аударымдардың болуы міндетті. Бұл аралықта аударымдардың үзіліссіз болуы шарт емес. Әлеуметтік төлем тек МӘСҚ жүйесіне қатысқан және аталмыш қорға төлем жасалған азаматтарға ғана беріледі.

-Қайда жүгінуге болады?

– Ең алдымен, жұмыссыз ретінде тіркелу керек. Ол үшін азаматтар электронды үкімет порталы арқылы (egov.kz) немесе тұрғылықты жердегі жұмыспен қамту орталығына өтініш тапсырады.

Сонымен, ең алдымен,egov.kz сайтына кіріп, тіркеліңіз.

Жүйеге дұрыс мәліметтер енгізсеңіз, еш қиындық туындамайды.

Цифрландыру: Жұмысыңызды жоғалтсаңыз – жәрдемақы алыңыз
Цифрландыру: Жұмысыңызды жоғалтсаңыз – жәрдемақы алыңыз
Цифрландыру: Жұмысыңызды жоғалтсаңыз – жәрдемақы алыңыз

Сонымен қатар, enbek.kz сайтында немесе оның мобильді нұсқасы арқылы телефон арқылы тіркелуге болады.

Цифрландыру: Жұмысыңызды жоғалтсаңыз – жәрдемақы алыңыз
Цифрландыру: Жұмысыңызды жоғалтсаңыз – жәрдемақы алыңыз

Ол үшін:

  1. Еңбек порталына кіріп, «Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу» қызметін таңдаңыз.
  2. Жеке деректеріңіз, біліміңіз, еңбек өтіліңіз және дағдыларыңыз туралы бағанды толтырыңыз.
  3. ЭЦП қолтаңбасымен тіркелу туралы өтінішті қол қойыңыз.

Содан кейін, автоматты түрде сіз жұмыссыз ретінде тіркелесіз және сізге сәйкес жұмыс орны ұсынылады.

Жұмыс іздеуші ретінде тіркелу Электронды еңбек биржасында автоматты түрде жүзеге асады.

Тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Электронды еңбек биржасы сізге жұмыс табуға көмектесіп, автоматты түрде сәйкес жұмыс орындарын ұсынып, хабарлама жіберетін болады. Сонымен қатар, Жұмыспен қамту орталығы да сізге сәйкес жұмыс ұсынады.

Жұмыс іздеуші ретінде сізден талап етіледі:

  • Жұмыс іздеуге қызығушылық таныту;
  • enbek.kz сайтында жұмыс орындарына өтініш беру;
  • жұмыс беруші тағайындаған сұхбаттарға қатысу. Үш жұмыс күні ішінде жұмысқа орналаспаған жағдайда, Электронды еңбек биржасы автоматты түрде сізді жұмыссыз ретінде тіркейді.

– egov.kz және enbek.kz порталдарында жұмыссыз ретінде тіркелу мүмкін болмаса, не істеу керек?

Егер Электронды еңбек биржасында (enbek.kz) немесе электронды үкімет порталы (egov.kz) арқылы жұмыссыз ретінде тіркеле алмасаңыз, тұрғылықты жеріңіздегі Жұмыспен қамту орталығына жүгінуге болады.

Аймақтар бойынша Жұмыспен қамту орталықтарының тізімімен таныса аласыз.
https://www.enbek.kz/ru/employment-services/czn

– Әлеуметтік төлем мөлшері қалай есептеледі және оның төлену кезеңі қандай?

– ҚР Әлеуметтік кодексінің 118-бабына сәйкес әлеуметтік төлем мөлшері орташа айлық табысты табыс алмастыру коэффициенттері мен жүйеге қатысу өтіліне сәйкес көбейту арқылы есептеледі.

Осы ретте, орташа айлық табыс соңғы 24 күнтізбелік ай ішінде МӘСК-ке әлеуметтік жарналар төленген табыстардың сомасын 24-ке бөлу арқылы анықталады. Барлық қатысушылар үшін табысты алмастыру коэффициенті 45%-ды құрайды.

Әлеуметтік төлем мөлшері әр қатысушы үшін жеке есептеледі және соңғы 2 жылдағы орташа айлық табыс пен жүйеге қатысу өтіліне байланысты тағайындалады.

Әлеуметтік төлем келесі тәртіппен тағайындалады:

– 1 айға – жүйеге қатысу өтілі 6-12 ай болған жағдайда;

– 2 айға – жүйеге қатысу өтілі 12-24 ай болған жағдайда;

– 3 айға – жүйеге қатысу өтілі 24-36 ай болған жағдайда;

– 4 айға – жүйеге қатысу өтілі 36-48 ай болған жағдайда;

– 5 айға – жүйеге қатысу өтілі 48-60 ай болған жағдайда;

– 6 айға – жүйеге қатысу өтілі 60 айдан жоғары болған жағдайда;

– Әлеуметтік төлем алған адам жұмысқа орналасқан жағдайда, қандай мемлекеттік органға хабарлауы керек?

– ҚР Әлеуметтік кодексінің 99-бабының 4-тармағына сәйкес жұмыссыздар жұмысқа орналасқаны туралы мәліметті Жұмыспен қамту орталығына 5 жұмыс күні ішінде беруі тиіс.

Сонымен қатар, жұмыссыздық жағдайына байланысты әлеуметтік төлем алған адам төлемді тоқтату үшін негіз болатын жағдайлар туралы 10 жұмыс күні ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне хабарлауы тиіс.

Ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік төлем жұмыссыздар есебінен шығару айының бірінші күні басталады.

– Егер адам жұмыссыздық төлемін алған уақытта жұмысқа орналасып, бірақ 3 ай ішінде сынақ мерзімінен өтпей қалған жағдайда, ол қайтадан әлеуметтік төлем алуға өтініш бере ала ма?

– Иә, ала алады. Бірақ әлеуметтік төлем қайта өтініш беру кезінде, бұрын алған төлемдердің әр айы үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілінен 12 айы алынып тасталады. Мысалы, егер жүйе қатысушысы бұрын 6 ай бойы төлем алса, қайталап өтініш бергенде оның жалпы қатысу өтілінен 72 ай (6*12 ай) алынып тасталады.

Осыған байланысты, жүйеге қатысу өтілі кемінде 6 ай болған және жұмыссыз ретінде тіркелген жүйе қатысушысы әлеуметтік төлемді қайта тағайындау үшін өтініш бере алады.