Home Технологиялар Киберқауіпсіздік Apple атынан келген жалған хабарламалардан сақ болыңыз!

Apple атынан келген жалған хабарламалардан сақ болыңыз!

5

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қарасты Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Қоғамдық қауіпсіздікке және қылмыстық қауіп-қатерлерге болжам жасау орталығы iPhone иелеріне интернет алаяқтарынан сақ болуға кеңес береді.

Шетелдік деректерге сәйкес, алаяқтар Apple атынан жалған SMS немесе iMessage хабарламаларын таратады. Оларға фишинг сілтемесі тіркеліп, хабарламада iPhone үлгісі, түсі және жады көлемі көрсетіледі. Бұл пайдаланушыға хабарламаның шынайы болып көрінуіне әкеледі.

Сілтемеге өткен пайдаланушы Apple Find My қызметін дәлме-дәл еліктейтін жалған бетке түседі. Мұнда енгізілген Apple ID логині мен құписөзі алаяқтардың бақылауына түсіп, құрылғы мен жеке деректер толық қауіпке ұшырайды.

Осы қауіптің белең алуына байланысты мамандар төмендегідей сақтық шараларын ұсынады:

  • Күдік туғызатын сілтемелерге өтпеңіз;
  • Жоғалған құрылғының экранында байланыс ақпараты көрсетілетін болса, жеке электрондық поштаны пайдаланыңыз;
  • SIM-картаны PIN-кодпен қорғап, оған деген қолжетімділікті шектеңіз;
  • Құрылғыны тек icloud.com/find арқылы тексеріңіз;
  • Сақ болыңыз, киберқауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз;

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына қарасты Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің Қоғамдық қауіпсіздікке және қылмыстық қауіп-қатерлерге болжам жасау орталығы.