Home Технологиялар Инновациялар «Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

21

Талантты композитор және пианист Рахат-Би Абдысагин алғаш рет әлемде музыка мен кванттық теория принциптерін бір шығармада ұштастыра алды. Оның «Quantum Universe» («Кванттық Әлем») атты туындысы орган мен кванттық гитарада орындалып, кванттық компьютер арқылы өңделді. Шығарма Оксфорд университетіндегі атақты Merton College Chapel шіркеуінде тыңдалды.

Кванттық симфония 20 қарашада кванттық механиканың 100 жылдығына арналған халықаралық Oxford Quantum Centenary Conference конференциясының ашылуында алғаш рет ұсынылды.

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

Рахат-Би туындысын органда орындаса, кванттық гитараны оның жасаушысы – Оксфорд университетінің теоретикалық физика профессоры Боб Кук ойнады.

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

Кванттық гитара – соңғы технологиялық жаңалық. Боб Куктың айтуынша, сыртынан қарағанда ол кәдімгі гитараға ұқсайды, алайда сенсорлары арқылы сигналды кванттық компьютерге жіберіп, дыбысқа нақты уақыт режимінде кванттық қабат қосылады.

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

Тыңдармандар бұл авангардтық музыкалық-физикалық эксперименті ерекше қызығушылықпен қабылдады.

«Мен органның ежелгі энергиясын дыбыстың болашағы – кванттық материямен ұштастыруға тырыстым.Музыка – бұл Ғаламның тілі, ал кванттық симфония оны жаңа деңгейде естуге мүмкіндік береді»,- дейді Рахат-Би Абдысагин.

Жас композитор тек музыкамен ғана шектелмей, физика, математика, логика және философия салаларына да қызығушылық танытады. Оның пікірінше, физика мен музыканы мәңгілік гармонияны іздеу біріктіреді.

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

Кванттық симфония идеясы Абдысагиннің «Quantum Mechanics and Avant-Garde Music» («Кванттық механика және авангард музыка: Бос кеңістіктің көлеңкелері») атты кітабынан туындаған. Кітапты британдық The Times Literary Supplement журналы жоғары бағалап, автордың «ғылым мен өнер арасындағы шексіз байланысқа жол ашатынын» атап өткен.

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

Сонымен қатар, кванттық симфония идеясы Нидерландыда физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Герард ‘т Хоофтпен кездесуден кейін қалыптасты. Олар музыка арқылы суперпозиция мен кванттық теорияны жеткізу мүмкіндігін талқылады. Профессордың пікірінше, Рахат-Бидің «Ғаламдағы нөл сияқты тыныштық» тұжырымдамасы дыбыстың табиғаты туралы жаңа көзқарасты ашуға мүмкіндік береді.

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

Рахат-Би Абдысагин – 150-ден астам музыкалық шығарма авторы, өнертану докторы. Ол тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде танымал. Алғашқы композицияларын ол 10 жасында жазған, ал жиырма жасқа келгенде «Күн сәулесімен жарықтанған жол» және «Белгісіз қыз» атты опералардың авторы атанған.

Сонымен қатар, Абдысагин бірнеше кітап пен ғылыми мақалалардың авторы. Оның еңбектері арасында «Құдайлық жол», «Көрінбейтін жұлдыздардың серенадасы», «Дыбысталатын ғаламға он саусақ», «Гармония қырлары», «Мәңгілік тамшысы» сияқты туындылар бар.

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

Бір жыл бұрын композитор және орындаушы Лондондағы Музыканттар Құрметті Компаниясының (The Worshipful Company of Musicians) Күміс медалімен марапатталған.

Сонымен қатар, Британиядағы соборларда қойылған «Брюс» операсы үшін ол Король Чарльз III атынан алғыс хат алған.

«Қазақстандық Моцарт» Рахат-Би Абдысагин Оксфорде өзінің кванттық симфониясын орындады

Рахат-Би Абдысагиннің шығармалары кванттық теория принциптері мен музыканы үйлестірген үйлесімді туындылар ретінде бағаланады. Оның шығармалары тек музыка ғана емес, физиканың дыбысқа айналған әлемдік модельдері деп аталады.