Home Фин Тех Бірыңғай QR жүйесі 19 шілдеде іске қосылады

Бірыңғай QR жүйесі 19 шілдеде іске қосылады

9

Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды LS. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, аталған жүйеге халыққа бөлшек төлем қызметтерін көрсететін барлық банктерді қосу жоспарланып отыр.

Жауапты амандардың түсіндіруінше, тиісті заңнамалық өзгерістер 18 шілдеден бастап күшіне енеді. Осы мерзімге дейін банктер қажетті техникалық жетілдіру жұмыстарын аяқтап, жүйені сынақтан өткізіп, сондай-ақ оған толық қосылуды қамтамасыз етуі тиіс. Ал 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-код барлық пайдаланушылар үшін қолжетімді болады.

Ведомство деректеріне сәйкес, жүйенің енгізілуі сауда кәсіпорындарына бірнеше бөлек төлем шешімдеріне тәуелділікті азайтуға және әлеуетті тұтынушылар аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге нақты сауда нүктесіндегі терминалдар саны бұрынғыдай кәсіпкердің шешімі мен банктердің қызмет көрсету шарттарына сәйкес айқындалатын болады.

Джамиля КАРИМОВА

Қосымша материалдар мен сараптамалық шолуларды біздің Telegram арнамыздан оқуға болады.