«IZI QCL by QCF» киберспорт лигасының екінші маусымы басталды. Оған Қазақстанның әр өңірінен 16 команда қатысады. IZI QCL by QCF тұрақты чемпионат ретінде өтеді. Турнир лига форматында ұйымдастырылады, яғни командалар бір-біріне қарсы ойнап шығады. Екінші маусымның жүлде қоры – теңге.
Қыркүйек айының соңында Қазақстан киберспорт федерациясы CS2 ойыны бойынша чемпионаттың екінші маусымының басталғанын жариялады. Counter Strike – киберспорттағы ең танымал атыс ойыны. Осыған дейін жарыстар Counter Strike: Global Offensive (CS:GO) нұсқасында өткізіліп келді. 2023 жылы Valve әзірлеушілері жаңарту жұмыстарын жүргізгеннен кейін, ойын «Counter Strike 2» деген жаңа атау алды.
Биыл мамыр айында Федерация мен Qazaq Counter-Strike League арасында тұрақты чемпионат құру туралы келіссөздер жүргізілді. Қазақстанда маусым айында жаңа киберспорттық жарыс – QCL by QCF басталды.
Бірінші маусым киберспорт жанкүйерлеріне қызу бәсекелестікті ұсынды, себебі жарыс GSL форматында өтті (group stage + single elimination). Көрермендер топтық кезеңде көптеген ойындарды тамашалады, онда Kokshetau Predators командасы жеңіске жетіп, күміс медаль Almaty Miracles командасына, ал үшінші орын Oskemen Nomads командасына бұйырды.
Сондай-ақ, маусымның соңында плей-офф кезеңі өткізілді, онда командалар elimination принципі бойынша бәсекелесті. Нәтижесінде жеңіске Astana Dragons командасы жетті.
“IZI QCL by QCF Қазақстандағы CS2 бойынша ең негізгі чемпионатқа айналуда. Бұл турнирге еліміздің барлық өңірлерінен командалар қатысады, ал чемпионат бойынша көрсетілімдер барлық стриминг платформаларында беріледі. Екінші маусымда қатысушылар саны 16 командаға жетті, Ақтау мен Семей қалаларынан екі жаңа команда қосылды. Қазіргі таңда турнирде еліміздің жүзден астам мықты ойыншылары қатысып, бақ сынады. Біз ең мақсат мен талабы таудай ойыншылар киберспортта танымал болады деп сенеміз,” – деді QCF спорттық директоры Дастан Карим.