Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстандықтар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін өтемақыны онлайн рәсімдей алады

Қазақстандықтар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін өтемақыны онлайн рәсімдей алады

6

Қазақстандық ата-аналар «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін eGov Mobile қосымшасы арқылы рәсімдей алады. Бұл мүмкіндік баласын білім беру ұйымына әкеле алмайтын отбасыларға үйде оқыту үшін қосымша әлеуметтік көмек алуға қашықтан өтініш беруге жол ашады.

Өтемақы жеке оқу жоспарына және баланың үйде оқытылатынын растайтын оқу орнының анықтамасына негізделіп төленеді. Ол оқу процесін қамтамасыз етуге кеткен шығындардың бір бөлігін өтеуге бағытталған.

Төлем өтініш берген айдан бастап анықтамада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін тағайындалады. Бала оқу түрін өзгертсе немесе мерзім аяқталса, төлем тоқтатылады. Өтемақының мөлшері жергілікті өкілді органдардың, яғни мәслихаттардың шешімімен белгіленеді.

Қызметті алу тәртібі қарапайым:

eGov Mobile қосымшасына кіріп, «eGov мемлекеттік қызметтері» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақы және зейнетақы» тармағын таңдаңыз;

Қазақстандықтар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін өтемақыны онлайн рәсімдей алады

«Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» қызметін таңдап, барлық деректерді толтырыңыз;

Қазақстандықтар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін өтемақыны онлайн рәсімдей алады

Өтінішті қолжетімді электрондық қолтаңба немесе SMS арқылы растаңыз.Құжаттарды рәсімдеу мәртебесін жеке кабинеттегі «Қызметтер тарихы» бөлімінен бақылаңыз.

Қазақстандықтар ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін өтемақыны онлайн рәсімдей алады

Қызмет көрсету мерзімі – мемлекеттік орган толық құжаттар пакетін тіркеген күннен бастап 8 жұмыс күнін құрайды. Төлем тек анықтамада көрсетілген кезеңге ғана тағайындалады және жаңа мерзімге автоматты түрде ұзартылмайды. Балаға белгіленген мүгедектік мерзімі аяқталған соң куәландырудан өтіп, өтініш қайта рәсімделуі керек.