Home Технологиялар Инновациялар Қазақстандық ғалымдар «ақылды» аяқ киім төсеніштерін ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар «ақылды» аяқ киім төсеніштерін ойлап тапты

33

Қазақстандық ғалымдар Гүлнұр Калимулдина мен Азамат Ешмұхаметұлы – Назарбаев Университетінің зерттеушілері және Mirai Tech стартабының негізін қалаушылар. Екеуі де PhD дәрежесін Жапонияда алғаннан кейін, елге оралып, энергияны сыртқы орта әсерінен алатын өздігінен қуатталатын материалды ойлап тапты. Бұл материал, адамның қозғалысы кезінде энергия өндіре отырып, гаджеттерді қуаттауға мүмкіндік береді.

Қазақстандық ғалымдар «ақылды» аяқ киім төсеніштерін ойлап тапты

Гүлнұрдың айтуынша, бастапқыда бұл таза ғылыми қызығушылықтан туындаған. Докторантурадан кейін оның назарын қозғалыс немесе вибрация әсерінен электр қуатын өндіретін материалдар аударды. Ол телефонды жүру немесе жүгіру арқылы қуаттаудың мүмкіндіктерін зерттеуге кірісті. Нәтижесінде, механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын наногенераторларға назар аударды. Бұл технологияның көмегімен қозғалыстан туындаған импульстарды жинап, оларды гаджеттерге қуат беру үшін қолдануға болады.

Азамат бұл идеяны жетілдіруде материалдың тек энергия өндіру қабілетіне емес, оның әртүрлі әсерлеріне байланысты электрлік сигналдар беретін қасиетіне назар аударды. Нәтижесінде олар қуат көзінсіз де жұмыс істейтін икемді сенсор жасап шығарды. Бұл құрылғы қоршаған ортадағы өзгерістерді (мысалы, қысым) қабылдап, оларды талдауға болатын сигналдарға айналдырады.

“Біздің технологиямыз дәрігерлерге дамуы тежелген балалардың ілгерілеуін бақылауға көмектесе алады. Мысалы, егер мұндай сенсорды баланың ойыншығына орнатса, ол уақыт өте келе ұсақ моториканың қалай өзгеретінін көрсете алады. Бұл әсіресе жаңа қимылдарды үйренуде қиындық көретін балаларға, мысалы, аутизмі бар сәбилерге пайдалы. Дәрігерлер науқастың прогресін қашан байқағанын немесе емдеу әдісін қашан өзгерту қажеттігін анықтай алады.”-деп маман бағдарлама жайлы өз пікірін қосты.

Қазақстандық ғалымдар «ақылды» аяқ киім төсеніштерін ойлап тапты

Тағы бір мысал — спортшылардың аяқ киіміне салынатын сенсорлы төсеніштер. Бұл құрылғылар паралимпиадашыларды жарысқа дайындауда, әсіресе ақыл-ойы шектеулі спортшылар үшін өте пайдалы. Мұндай спортшылардың эмоцияларын білдіруі қиын. Жаттықтырушыға жаттығулардың нәтижесін тексеруге, шаршап жүргенін екенін білу қиын. Ал сенсордан алынған дерек арқылы маман жаттығудың қаншалықты тиімді екенін байқай алады»,деп қосты Азамат Ешмұхаметов.

Шетелде медициналық және спорттық салаларда автономды құрылғыларға деген қызығушылық жоғары, әсіресе АҚШ, ЕО елдері және Жапония секілді дамыған денсаулық сақтау жүйелері бар мемлекеттерді атап өтсек болады. Қазақстандық инновацияның жоғары сапасы мен балама құрылғыларының қымбаттығына қарамастан, технология халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті болуы мүмкін.