Сәлем, достар!
Бұл апта технология мен қоғамның арасындағы байланысты айқын көрсетті. Қазақстанда атом электр станциясы салынатыны ресми түрде хабарланды. Сонымен бірге, 16 миллиардтан астам адамның жеке мәліметі интернетте жария болып, киберқауіпсіздік мәселесін қайта күн тәртібіне шығарды. Одан бөлек, WhatsApp ақылы қызметтерді енгізіп, өз бағытын кеңейтсе, ASUS шығармашылықпен айналысатын жандарға арналған қуатты ноутбукты таныстырды.
Апта ішінде болған осы және басқа да маңызды оқиғаларды назарларыңызға ұсынамыз. Ендеше, бастайық!
Қазақстанда Орталық Азиядағы алғашқы Solana экономикалық аймағы ашылды

Бұл жаңалық ертеңгі күннің емес, бүгіннің шындығы. Қазақстан криптоиндустрияда өз орнын алуға кірісті. Ел аумағында Solana блокчейнімен жұмыс істейтін әзірлеушілер мен стартаптарға арналған арнайы экономикалық аймақ ашылды. Жаңа бастама еліміздің цифрлық технологиялардағы әлеуетін арттырып қана қоймай, шетелдік инвесторлар мен жас мамандарды тартуға жол ашады.
Қазақстандықтардың жеке деректерін сатқан қылмыстық топ әшкереленді
Қазақстанда мыңдаған адамның жеке мәліметтерін сатып келген қылмыстық топ ұсталды. Олардың қолында азаматтардың мекенжайы, ЖСН, телефон нөмірі сияқты маңызды деректер болған. Бұл мәліметтер кімге және не үшін берілгені әзірге белгісіз. Тергеу басталып, күдіктілердің бір бөлігі ұсталды.
АФМ-нің цифрлық өкілі халықпен тікелей байланыс орнатады
Енді қазақстандықтарға Қаржы мониторингі агенттігінің жасанды интеллектігн негізделген цифрлық өкілі көмек көрсетеді. Бұл виртуалды көмекші азаматтарға қаржы мәселелерін түсіндіруге, даулы жағдайларда бағыт-бағдар беруге және заң талаптарын қарапайым тілмен жеткізуге көмектеседі.Пилоттық режимде іске қосылған жоба алдағы уақытта кеңейтіліп, халықпен тікелей әрі қолжетімді байланыс құралдарының біріне айналуы мүмкін.
ASUS ZenWiFi BD4 Outdoor: Жылдамдығы жоғары, кең аумақты қамтитын, далаға арналған роутер

ASUS ZenWiFi BD4 Outdoor – жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін, кең аумақты қамтитын және түрлі ауа райына төтеп бере алатын далаға арналған қуатты роутер.Бұл құрылғы ыстыққа, аязға, жаңбыр мен шаңға шыдамды. Сондықтан оны ашық аспан астындағы дәмханаларда, жазғы кеңселерде немесе жайлы аулаңызда емін-еркін пайдалануға болады. Енді далада да тұрақты әрі жылдам интернет желісіне қосылу – қолжетімді мүмкіндік.
Шағын және орта бизнеске арналған ASUS-тың жаңа құрылғылары
Гаджеттер туралы сөз қозғағанда, ASUS ұсынған соңғы жаңалықтарға тоқталмау мүмкін емес. Компания шағын және орта бизнеске арналған жаңа техника желісін таныстырды. Бұл топтамаға сапалы мониторлар, қуатты ноутбуктер мен сенімді жұмыс станциялары кіреді.

ASUS-тың бұл құрылғылары әртүрлі қажеттілікке сай мұқият ойластырылған. Жоғары сапалы экран, жылдам әрі қуатты процессор, деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе мен энергияны үнемдейтін технология — бәрі де жұмыстың үздіксіз жүруіне жағдай жасайды. Мұндай техника жаңа іс бастаған кәсіпкерлерге де, бірнеше жылдық тәжірибесі бар тұрақты командаларға да сенімді серік бола алады.
Цифрлық Қазақстан күн сайын жаңарып, тың жаңалықтармен толығып келеді. Ал біз сол өзгерістерді қалт жібермей, маңызды мәліметтерді дер кезінде жеткізу үшін әрдайым қасыңыздан табыламыз.Келесі аптада қайта қауышқанша! Ақпарат алаңынан алшақтамай, бірге болайық!