Бұл туралы Digital Almaty форумында Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновпен өткен кездесуде Yandex Qazaqstan компаниясының басшысы Тимур Шалекенов мәлімдеді.
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Digital Almaty форумында Yandex Qazaqstan компаниясының стендіне барып, оның қызметімен танысты. Кездесу барысында компанияның басшысы Тимур Шалекенов Алматыда 500 адамға арналған жаңа кеңсе ашылғанын айтты. Бұл кеңсе елдегі 15-тен астам Yandex сервисінің мамандарын біріктіріп, олардың жұмысын бір орталыққа шоғырландырды.Бүгінде компанияның қызметтерін Қазақстанда 10 миллионға жуық адам пайдаланады. Ал 2024 жылы Yandex Qazaqstan төлеген салық көлемі 29,5 миллиард теңгеге жетті.
Компания “Нейро” іздеу жүйесін іске қосты. Бұл жүйе үлкен генеративті модельдерге сүйене отырып, күрделі сұрақтарға жылдам әрі дәл жауап табуға көмектеседі. Ол қазақ және орыс тілдерінде ақпарат іздеуді жеңілдетіп, оқушылар, студенттер мен мұғалімдерге қажетті маңызды дереккөздерді ұсынады.
Сонымен қатар, Яндекс іздеу жүйесінде мақалаларды ағылшын және орыс тілдерінен қазақшаға аудару мүмкіндігі кеңейді. Нәтижесінде, 15 миллионнан астам материал қазақ оқырмандарына қолжетімді болды.Ал Яндекс Браузерінде енді бейнематериалдарды қазақ тіліне автоматты түрде аудару функциясы іске қосылды.
2024 жылы компания екі тілде жұмыс істейтін “Алисаны” ұсынды. Виртуалды көмекші қазақ және орыс тілдері арасында еркін ауысып, сұраныс қай тілде түссе, сол тілде жауап береді. Пайдаланушылар “Алисамен” сөйлесіп қана қоймай, ақылды үй жүйесін басқаруға, таймер орнатуға, музыка қосуға және басқа да көптеген тапсырмаларды орындауға мүмкіндік алады.
2024 жылы “Яндекс Музыкада” қазақ тіліне бейімделген “Менің толқыным” атты жеке ұсыныстар жүйесі іске қосылды. Жасанды интеллект тыңдаушылардың талғамын ескеріп, қазақ тіліндегі әндерді іріктеп ұсынуды үйренді. Сондай-ақ қазақ және басқа тілдер араласқан әндер де ұсыныстар тізіміне енеді.
Ал “Кинопоиск” қолданушылары биыл қазақстандық фильмдер мен сериалдарды 10 миллион сағаттан астам уақыт бойы тамашалаған. Соңғы екі жылда жүйеге 200-ден астам қазақстандық туынды қосылды. Жақында платформада “Спорт” бөлімі ашылып, тікелей эфирлерді көруге мүмкіндік жасалды.
Сондай-ақ, 2024 жылы компания Қазақстан қалаларында жаңа қызметтерін іске қосты.
Электромобильдермен такси: таза және ыңғайлы сапар Енді “Яндекс Таксиде” Electro тарифін таңдап, электромобиль шақыруға болады. Қолданушыларға BYD, Hongqi, Tesla, Zeekr, Volkswagen, Audi секілді заманауи және кең электрокарлар ұсынылады.
Жедел жеткізу: азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар 15 минут ішінде.
“Яндекс Лавка” енді Алматыда да қызмет көрсетеді. Тұрғындар таза өнімдерді, тұрмыстық тауарларды және дайын тамақты небәрі 15 минутта үйге алғыза алады. Тіпті жаңа қайнатылған кофеге дейін тапсырыс беруге болады. Қызметтің ерекшелігі – жергілікті өндірушілердің өнімдері мен сапаны бақылаудың жоғары деңгейі.
Робот жеткізушілер
Алматы көшелерінде “Яндекс Qazaqstan” компаниясының робот-жеткізушілері пайда болды. Олар кедергілерді айналып өтіп, жаяу жүргіншілерді өткізіп, өз бетінше бағыт жасай алады. Қазір бұл роботтар “алтын шаршы” ауданындағы мейрамханалар мен кафелерден тапсырыстар жеткізуде.
Ultima: жайлы сапар және эксклюзивті тағамдар Алматы мен Астанада “Ultima” атты премиум қызмет қолжетімді болды. Енді бизнес-класстағы көлікке тапсырыс беруге, сондай-ақ елдегі үздік 20-дан астам мейрамханадан ас мәзірін таңдауға мүмкіндік бар.
Қауіпсіз жолдар – Яндекс Карталарда
“Яндекс Карталар” енді қауіпті жол нысандары туралы алдын ала ескертулер көрсетеді. Компания Қазақстандағы қызметтерін ары қарай дамытуды, жаңа қызмет түрлерін іске қосуды және әлеуметтік, білім беру мен мәдени бастамаларды қолдауды жоспарлап отыр.