Home Электроника Қуаттағыш пен пауэрбанк Смартфонды дұрыс қуаттаудың құпиялары

Смартфонды дұрыс қуаттаудың құпиялары

8

Көпшілігіміз үшін смартфон өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Біз оны күнде қолдансақта, оның дұрыс қуатталуын елемей бермейміз. Нәтижесінде батарея тез тозып, құрылғы сапасы нашарлайды. Осы мақалада смартфонды қуаттау кезінде жиі кездесетін қателіктер мен олардан қалай сақтану керектігін қарастырамыз.

1.Телефонды жастықтың астына қою

Көпшілік ұйықтар алдында телефонды жастықтың астына қоюға әдеттенген. Алайда бұл өте қауіпті! Қуатқа қосылған кезде смартфон қызады, ал жылудың сыртқа шығуы шектелген жағдайда құрылғы тез қызып, батарея қызметін қысқартады немесе аппаратқа зақым келтіруі мүмкін. Сол себепті телефонды әрдайым тегіс, қатты бетке қойып, желдетілетін жерде қалдыру маңызды.

2. Жуыну бөлмесінде қолдану

Телефонды ваннада немесе суға жақын жерде қуаттау қауіпті. Суға түсіп кету құрылғыны бұзуы мүмкін, тіпті адамға да қауіп төндіреді. Сондықтан құрылғыны әрқашан құрғақ жерде қуаттап, су мен ылғалдан аулақ ұстаған жөн.

3.Батареяны толық 100%-ға дейін қуаттамау

Көптеген адамдар батареяны толық зарядтауға тырысады. Алайда бұл оның қызмет мерзімін қысқартады. Мысалы, iPhone-де энергия үнемдеу режимі қосылғанда 80% заряд жеткілікті деп көрсетіледі. Сол сияқты батареяны толық разрядқа дейін пайдалану да зиян. Смартфонды тиімді сақтау үшін оны шамамен 20–80% аралығында қуаттау ұсынылады.

4. Белгісіз қуат көздерін пайдаланбау

Белгісіз қуат көздерін пайдалану телефон батареясының қызмет мерзімін қысқартып жіберуі мүмкін. Сондықтан қайда барсаңыз да сапалы қуаттағыштарды немесе портативті батареяны бірге алып жүруді әдетке айналдырыңыз. Ең қауіпсіз жол – сапасы дәлелденген және кең танымал брендтердің өнімдерін қолдану: Apple, Belkin, Xiaomi, Panasonic, Baseus.

Смартфонды дұрыс қуаттау – оның ұзақ уақыт қызмет етуінің кепілі. Құрылғыны әрдайым құрғақ және желдетілетін жерде қуаттап, батареяны 20–80% аралығында ұстап, сенімді зарядтағыштарды қолдану маңызды. Осы қарапайым ережелерді орындасаңыз, смартфоныңыз ұзақ жыл қызмет етеді және күнделікті өміріңізді сенімді қолдайды.