Home Технологиялар Инновациялар PlaDeo: теріні тітіркендірмей, иістен арылтатын плазмалық дезодорант

PlaDeo: теріні тітіркендірмей, иістен арылтатын плазмалық дезодорант

14

Ханъян университетінің еншілес компаниясы CodeSteri Inc Indiegogo платформасында жаңа өнім – PlaDeo дезодорантын таныстырды. Оның негізін қалаушылар Тэхо Лим мен Джунчи Со 2020 жылы CES көрмесінде инновациялар үшін марапат алған болатын. Олар әзірлеген Pragant атты плазмалық дезодорация технологиясы енді нарыққа шықты.

Адам терінің жағымсыз иісі тердің өзінен емес, ондағы май қышқылдарын ыдырататын бактериялар түзетін ұшпа органикалық қосылыстардан пайда болады. Сондықтан тердің өзін жоюдың қажеті жоқ – бастысы, бактерияларды залалсыздандыру. PlaDeo дәл осыны жасайды. Бірақ бұл технология киімдегі дақтар мәселесін шешпейді.

PlaDeo-ның басты артықшылығы – терімен жанаспайды, сондықтан тері тітіркенбейді. Құрылғы тері тесігін бітемейді, сол арқылы ағзаның салқындау қызметін де сақтайды. Ол суық атмосфералық плазма шығарып, белсенді оттегі бөлшектерін тудырады. Бұл бөлшектер микробтарды және олардың қалдықтарын жойып, иістен арылтады. Бір қолтықты өңдеуге шамамен 1,5 минут қажет.

PlaDeo құрылғысын сынақтан өткізу үшін 19 елден жағымсыз иісті косметикалық өнімдермен жоя алмаған, тіпті медициналық араласуға дайын 33 адам таңдалды. Қатысушылардың 94%-ы қолданғаннан кейін иістің түгел жойылғанын айтқан. Ғалымдар плазманың бактериялардың 90%-дан астамын оңай жоятынын дәлелдеді.

PlaDeo-ның бөлшек саудадағы бағасы – 249 доллар.