Home Робот пен дрондар,ЖИ Экономистер жасанды интеллектінің жұмыс тиімділігін бағалады

Экономистер жасанды интеллектінің жұмыс тиімділігін бағалады

11

Жасанды интеллект еңбек үрдісін түбегейлі өзгертеді деген кең таралған пікірлер шындыққа жанаспайтынын америкалық және еуропалық экономистер анықтады. Чикаго, Копенгаген және Стэнфорд университеттерінің зерттеушілері жүргізген ауқымды зерттеу нәтижесін Naked Science басылымы жариялады.

Ғалымдар жеті мың компаниядағы 25 мың қызметкердің мәліметтерін талдай отырып, жасанды интеллектіні пайдалану жұмыс уақытын орта есеппен небәрі 3 пайызға ғана қысқартатынын анықтаған. Бұл көрсеткіш технологияның өнімділікті арттыруға айтарлықтай ықпал етпегенін көрсетеді.

Зерттеу авторларының айтуынша, бұл деректер ЖИ адамның орнын басып, оны толықтай алмастырады деген пікірдің әзірге орынсыз екенін айғақтайды. Тіпті ЖИ кең қолданысқа ие болған салалардың өзінде қызметкердің орнына емес, керісінше қызметкердің жұмысын жеңілдетуші құрал ретінде енуде.

Сонымен қатар, зерттеуде жұмысшылардың үнемделген уақытты қалай пайдаланатынына да назар аударылған. Қатысушылардың 80 пайызы бос уақытын жаңа тапсырмаларға арнайтынын айтса, тек 10 пайызға жуығы демалуға жұмсайтынын жеткізген. Осылайша, ЖИ қызметкерлердің жұмыс жүктемесін жеңілдетпейді, тек оны қайта үлестіреді.