Digital Almaty 2025-те табысты қазақстандық стартаптар өз тәжірибесімен бөлісті.
Қызығушылығыңызды қалай миллиондаған табыс әкелетін бизнеске айналдыруға болады? Табысты болудың сыры неде? Жобаңызды бастау үшін қаржыны қайдан алуға болады? Кәсіпкерлер мен венчурлік инвесторлардың назарын қалай аударуға болады? Бұл сұрақтардың жауабын жақында Алматыда өткен «Digital Almaty 2025» халықаралық цифрлық форумының қатысушылары – қазақстандық стартаперлер жақсы біледі.
Сәттілікке апарар жол
Көпшілік табысты стартаперлердің өмірін жарқыраған сахна, марапаттар мен әлемдік танымалдық деп елестетеді. Бірақ бұл жетістікке жеткенге дейін олар 25 мыңнан астам сағат уақытын компьютерлік ойындарға арнап, миллиондаған оқушыға цифрлық сауаттылық үйретіп, болашақ жобалары үшін бар мүлкін сатуға тәуекел етті. «Digital Almaty 2025» қатысушыларының пікірінше, мүмкін еместі мүмкін ету – тек уақыт еншісіндегі нәрсе.Олай болса, сәтті стартаптың құпиясын олардың өздерінен білейік.

CodiPlay
CodiPlay стартабының негізін қалаушы Жанаділ Талдыбаевтың жетістік жолы ерекше әрі қызыққа толы. Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қаласында өскен қарапайым жігіт спортшы болуды армандаған. 10 жасында АҚШ-тың Колумбус қаласында өткен спорт фестивалінде каратэден жеңімпаз атанды. Тіпті,оған атақты Арнольд Шварценеггердің қолынан марапат алу бұйырды.
Алайда жарақат алғаннан кейін спортпен қоштасуға тура келді. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға түсіп, кейін Оңтүстік Кореядағы Тэджон университетінде білімін жалғастырды. Сол жақта жақын туысын емдету қажеттілігі туған кезде, медициналық туризм саласына қызығушылығы артқан. Кейіннен осы бағытта MedTech стартабын құру туралы ойға келеді.
Алғашқы қаржыландыруды университеттен алған Жанаділ стартап байқауларында жеңіске жетіп, жобасын дамыта бастайды. Жұмыс барысында ол IT мамандарының тапшылығын байқап, бағдарламалауды өз бетінше меңгеруге кіріседі. Осылайша, CodiPlay жобасының идеясы пайда болады.
Бұл — оқушыларға ойын арқылы бағдарламалау тілдерін үйрететін ерекше платформа. Балалар C++, Scratch және Python тілдерін үйреніп, ақылды гаджеттер құрастырады. Геймификацияланған оқу жүйесі арқылы олар дрондар мен «ақылды үй» құрылғыларын жасай алады. Сонымен қатар, CodiKit робототехника жиынтықтары мен CodiTeach веб-платформасы мұғалімдерге бағдарламалауды оқытуға көмектеседі.
CodiPlay-дың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Әлияр Қадікеновтің айтуынша, жоба 600-ден астам мектеп пен білім беру орталығында іске қосылған. Бүгінде Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Индонезия, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы мен Катар елдерінде жұмыс істейді.
2024 жылы Лондонда өткен The PIEoneer Awards халықаралық премиясында CodiPlay «Digital Innovation of the Year» марапатын жеңіп алып, 34 елдің жобалары арасындағы ең үздік инновация деп танылды.
Grand Mobile

Бұл ойынды әлем бойынша 60 миллионнан астам адам жүктеп алды.Ол бірнеше рет Google Play мен App Store-дың үздік ойындары қатарынан орын алды.Grand Mobile – аты аңызға айналған GTA ойынының қазақстандық нұсқасы, ойын құрастырушыларына миллиондаған доллар табыс әкелген жобалардың бірі.
Grand Mobile – шынайы өмірді бейнелейтін симулятор жанрындағы мобильді ойын. Ойыншылар өз кейіпкерін жасап, үлкен мегаполисте жаңа өмір бастай алады. Мұнда сіз қылмыс әлемінің серкесі болуды да, әділ полицей атануды да, қарапайым азамат ретінде мансап құрып, беделіңізді арттыруды да таңдай аласыз.
Ойынның негізін қалаушы кім?
Grand Mobile ойынының авторы – Өскемендік Роман Линейцев. Ойынды жасау үшін 5 адамнан тұратын команда мен 100 миллион теңге бастапқы капитал қажет болды. Бір жыл ішінде дайын болған жоба 2022 жылы ресми түрде жарық көріп, бірден хитке айналды.
Ойынның алғашқы күні-ақ 10 мың адам тіркелді. Бұған жарнаманың әсері мол болды. Бірақ бір жылдың ішінде ойынның белсенді ойыншыларының саны 30 мыңға жетті. Ал 2023 жылы Grand Mobile 10 миллион доллар табыс тапса, 2024 жылы бұл көрсеткіш екі есеге өсті.Компанияның 60%-ға жуық табысы халықаралық нарықтан келеді. Роман Линейцевтің айтуынша, Grand Mobile-дың ғаламдық деңгейде танымал болуына ойын ішіндегі оқиғалар, жетілдірілген механика, маркетинг стратегиясы, сондай-ақ танымал стримерлермен, ойын блогерлерімен және инфлюенсерлермен серіктестік себеп болған.
Қазіргі таңда ойынның ай сайынғы аудиториясы 5 миллионнан асады, ал күніне 500 мың адам ойнайды. «Digital Almaty 2025» форумына қатысқан компания өкілдері жобаның одан әрі кеңейтілетінін мәлімдеді.2024 жылдың күзіне дейін Grand Mobile ойынының негізгі аудиториясы Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь елдерінен еді. Алайда, жақында ойын ағылшын тіліне аударылып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Осы өзгерістің арқасында жоба Еуропада жаңа серверлерін іске қосып, Польша, Румыния және Нидерланд ойыншылары арасында танымалдыққа ие болды.

2024 жылдың күзіне дейін Grand Mobile ойыншыларының басым көпшілігі Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан және Беларусьтан болды. Алайда жақында ойын ағылшын тіліне аударылды, бұл жобаның Еуропада жаңа серверлер ашуға мүмкіндік берді. Ойын Польшада, Румынияда және Нидерландта танымал бола бастады. Компания өкілдерінің айтуынша, 10 күннің ішінде қосымша Еуропада 300 мыңнан астам рет жүктелген, ал алдағы бір жыл ішінде бұл аймақтағы таралуын одан әрі арттыру жоспарлануда. Grand Mobile әзірлеушілерінің амбициялық жоспарларының қатарында Түркия, Үндістан және Оңтүстік Америка нарықтарына шығу бар.
Maxinum Consulting
Maxinum Consulting – компанияларға ақпарат пен бизнес-процестерді тиімді ұйымдастыру арқылы олардың әлеуетін ашуға көмектесетін IT-стартап. Жобалар жөніндегі менеджер Әділбек Қалиасқардың айтуынша, стартаптың негізгі бағыты – IT-аутсорсинг және жеке бағдарламалық шешімдерді әзірлеу.
2017 жылы құрылған компания клиенттерге келесі бағыттар бойынша қызмет көрсетеді:
-Қаржылық есептілікті автоматтандыру және сатылымдарды талдау;
-Клиенттермен қарым-қатынасты басқару жүйесін (CRM) енгізу;
-Негізгі тиімділік көрсеткіштері (KPI) бойынша бақылау панельдерін әзірлеу;
Компанияның тәжірибесінде бірнеше сәтті халықаралық жоба бар: Израильдің MindLogistics компаниясы үшін теңіз жүк тасымалының оңтайлы маршруттарын есептейтін жүйе әзірленіп, Канададағы Holten Impex компаниясы үшін қоймадағы тауар қалдығын қадағалайтын платформа жасалды, бұл өз кезегінде компанияның call-орталығына түсетін жүктемені 30%-ға қысқартты.
Компанияның активінде біздің елдегі бірнеше қанағаттанарлық клиенттер бар. Мысалы, Қазақстандағы парфюмерия өндіруші компания үшін бизнес-процестердің толық әзірленуі мен оңтайландырылуы жүзеге асырылды, оған сату жүйесі, қоймамен жұмыс және аналитикалық есептердің қалыптасуы кірді. Сондай-ақ, Қазақстандағы логистикалық компанияда қағаз жұмысын жою арқылы есеп-шоттардың жасалуы 10 есе жылдамдатылды, ал кондитерлік өнімдер өндірушісі есептердің автоматтандырылуының арқасында ай сайын 450 FTE сағатын үнемдеді.
Maxinum Consulting “Digital Almaty 2025” шарасының қатысушысы ретінде 98% жобаны сәтті аяқтағанын мақтанышпен атап өтеді. Бүгінде компания үш ірі клиентпен ұзақ мерзімді серіктестік орнатып, Қазақстанның және халықаралық нарықтың сұранысына сай қызмет көрсетуді жалғастыруда.
KOZ
KOZ стартабы – Қазақстанда құрылған, бірақ Лондонда іске қосылған компания. Олар бизнеске цифрлық көмек көрсетушілер ретінде AI шешімдерін енгізу арқылы әр түрлі бөлімдерді алмастыра алатын AI-агенттерін жасап шығарады. Әсіресе HR, маркетинг және сатылым салаларында жұмыс істейтін AI-агенттер кандидаттарды іздеу, талдау, сұхбаттасу және тестілеу функцияларын өздігінен орындауға қабілетті. Сонымен қатар, маркетинг және сатылым бөлімдері де осы AI-агенттердің көмегімен клиенттерді іздеу, онымен қарым-қатынас жасау және сатуды жүргізу секілді міндеттерін жеңілдетіп, жеделдете алады.
Компания басшысының көмекшісі, Айым Айт KOZ компаниясының Қазақстан нарығында екі жыл жұмыс істейтінін және бизнес Лондонда басталғанын айтты. «Digital Almaty 2025» қатысушылары олардың қызметтерінің нақты бағасын тек нақты тапсырмалар мен олардың күрделілігіне қарай анықтауға болатынын айтады. Компанияның АҚШ, Сингапур және басқа шетелдік елдерден тапсырыс берушілері бар.
Beneteria
Beneteria стартабы – корпоративті жеңілдіктерді басқару сервисі. Бұл стартап HR департаменттеріне қызметкерлерді ынталандыру, қолдау және ұстап тұру үшін уақытты үнемдеуге арналған.Өнім директоры Дидар ОРЫНБАСАРдың айтуынша, қызметкерлер ұсынылған жеңілдіктерді жиі пайдаланбайды, себебі кейбір жағдайларда бұл ұсыныстар оларды қызықтырмайды. Бұл мәселеге шешім ретінде Beneteria компаниясы HR мамандарына жеңілдіктерді басқаруды автоматтандыру мен оңтайландыру үшін ыңғайлы шешім әзірлеген. Мұнда мақсат тек стандартты бенефиттерді ұсыну емес, қызметкерлердің қажеттіліктеріне сәйкес келетін жеке және икемді ұсыныстар жасау. Қызмет өте қарапайым: компаниялар оны өз экожүйесіне біріктіреді, ал қызметкерлер мобильді қосымша арқылы жеңілдіктерге қол жеткізе алады. Қазіргі таңда компанияның 100-ге жуық серіктесі бар, олар медициналық орталықтар, білім беру платформалары, спорттық студиялар, мейрамханалар, балалар орталықтары, гүлдер мен сыйлықтар бутиктерін қамтиды. Өткен жылы стартап 100 мың доллар инвестиция тартты.

«Digital Almaty 2025» стартаптар алаңында еліміз бен шетелден келген 80-ге жуық жасанды интеллект (ЖИ) стартаптары мен жобалары таныстырылды. Бұл жобалар түрлі салаларға бағытталған, барлығы да ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты. Мысалы, қазақстандық Taharqa Technologies компаниясы камикадзе-дрондарды өндіріп шығарады.
АМК X Belka AI жобасы өндіріс орындарында тиімділікті арттырады. Осы технологияны Ақтөбе мыс компаниясы қолданып, өндіріс қуатын 3%-ға, ал рудадан металды алуды 1%-ға арттырды.
call2action.ai стартабы жасанды интеллектіні пайдаланып, жұмысқа қабылдау процесін оңтайландырады. Бұл жүйе кандидаттарды өздігінен телефон арқылы шақырып, тестілеуден өткізіп, тапсырыс берушіге сәйкес келетін үміткерлердің тізімін құрады.
ITMLab стартабы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған инновациялық шешімдер жасайды. Ал Aurma.kz дәріханалар маркетплейсі Қазақстанның барлық өңірінде танымал және сирек кездесетін дәрілерді тауып, тапсырыс беруге және жеткізуге мүмкіндік береді.
2025 жылдың 1 ақпанында «Digital Almaty 2025» аясында өткен Industrial AI Battle байқауында жасанды интеллект және цифрлық трансформация саласындағы 15 жоба финалға жолдама алды. Байқаудың жүлде қоры 60 мың долларды құрады.
«Most Disruptive» номинациясы бойынша жеңімпаз – Epsilon3.ai стартабы (мемлекеттік секторға арналған ИИ интеграциясы) 15 мың доллар ұтып алды.
«Best Scale Ability» номинациясында Finflow – AI стартабы жеңімпаз атанды (МШС және банктер үшін қаржы директорының қызметін атқаратын жоба) – 15 мың доллар.
«Best ROI Potential» номинациясы бойынша Arlan Biotech стартапы озып шықты (дәрі-дәрмектерді әзірлеу процесін ЖИ көмегімен революциялау жобасы) – 15 мың доллар.
«Best Sustainability Impact» номинациясын Qala AI стартапы жеңіп алды (қалаларды дамыту үшін AI технологиялары мен геоаналитиканы қолдану жобасы) – 15 мың доллар. Сондай-ақ, команда Yandex Qazaqstan Startup Spotlight Award арнайы жүлдесіне ие болды.
Барлық болашақ IT мамандары үшін
Қазақстан Премьер-министрі Олжас БЕКТЕНОВ Форумда Astana Hub Ventures қорына қатысты жұмыс басталғанын хабарлады. Бұл қор Қазақстан, Орталық Азия және шетелдердегі стартаптарды қолдауға бағытталған. Олжас Бектенов сондай-ақ Форум қатысушылары мен қазақстандықтарды Қазақстанда AI-стартаптарын қолдау мақсатында венчурлық инвестициялар қорын құру туралы ақпараттандырды. Премьер-министр қорының мақсатты көлемі бір миллиард теңге екенін атап өтті

Цифрлық даму министрі Жаслан МАДИЕВ атап өткендей, венчурлық инвестициялар қорының бастапқы капиталы 130 миллион долларды құрайды. Министрдің айтуынша, қор арқылы Series A және Series B кезеңдеріндегі стартаптарға қаржылай қолдау көрсетілмек, бұл оларға халықаралық нарықтарға шығу үшін қажетті қаржы ресурстарын алуға мүмкіндік береді. Ж.Мадиев сондай-ақ, осы идеяның қолдаушысы болған кәсіпкер әрі қаржыгер Тимур ТҰРЛОВҚА, Freedom Holding Corp. компаниясының иесіне алғысын білдірді. Министр, сондай-ақ, қазақстандық стартаптардың озық шешімдер ұсына алатын әлеуетін атап өтіп, осындай жобаларға инвестициялар тартудың маңыздылығын ерекше айтты.
Нидерландтық инвестициялық банкир, қаржыгер әрі стартаптарды талдау және венчурлық инвестициялар платформасының негізін қалаушы Йорама ВИЙНГААРДЕ Қазақстанның тиімді технологиялық экожүйесін құрғанын айтып, осы жерде 1-10 миллиард долларлық ірі стартаптардың пайда болатынын атап өтті. «Қазақстанның Орталық Азиядағы барлық венчурлық капиталдың 15-20% құрайтынын» айтты ол.
Gagarin Capital венчурлық қорының инвесторы әрі негізін қалаушы Ник ДАВЫДОВ соңғы 12 жыл бойы тек AI-стартаптарына инвестиция салатынын атап, Қазақстандағы перспективті AI-жобалардың қарқынды дамып жатқанын айтты. «Қазақстанда білім беру жүйесі, ақылды әрі табанды адамдар мен Кремний алқабы рухындағы стартаптарды құру үшін мінсіз еңбек мәдениеті бар. Мұнда адамдар аптасына 100 сағат жұмыс істеуге дайын. Сондықтан мен Қазақстан стартаптарының болашағын тамаша көремін», – деп атап өтті ол.
Форумның PR-директоры Ляззат САҒЫНДЫҚОВА Digital Almaty алаңында алғаш рет таныстырылған отандық стартаптардың бүгінгі күні халықаралық нарықтарда бәсекелесіп жатқанын айтты. «Бәлкім, біздің әзірлеушілер болашақта Илон МАСК, Стив ДЖОБС, Билл ГЕЙТС сияқты жаңа IT майталмандарына айналар», – деп болжам жасады ол.
Алматы қаласының әкімдігі стартаптар туралы соңғы деректермен бөлісті. Олардың мәліметтері бойынша, бүгінгі күні стартаптар арқылы 2000-нан астам адам жұмысқа орналастырылған; инвестициялар көлемі 19,2 миллион долларды құраған; ал стартаптардың жалпы кірісі 5,37 миллиард теңгеге жеткен.
P.S.
Қазақстанның экономикасының озық салаларындағы стартаптарға қаржыландыру Ұлттық қор қаражаты есебінен берілуі жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық банк төрағасы Тимур СҮЛЕЙМЕНОВ 2025 жылдың 28 қаңтарындағы үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, ол Ұлттық банкте стартаптарға қаржылық қолдау көрсету бағдарламасы әзірленіп жатқанын айтты.
Инна ЧИКУРОВА