International-iq-test.com сайты 2025 жылдың басында елдердің IQ деңгейі бойынша жаңартылған рейтингін ұсынды.Бұл рейтингіге тым терең мән берудің қажеті жоқ, бірақ ол кейбір қызықты заңдылықтарды көрсетеді. Қарап шығайық.
Бұл сайт және рейтинг қандай?
Әртүрлі елдер азаматтарына Рейвен әдістемесі бойынша IQ тестін өту ұсынылады. Бұл әдіс — стандартты прогрессивті матрица, оны барлығы логикалық тапсырмалар деп біледі. Олар қатысушыларды интеллектуалды даму деңгейіне қарай бөлу үшін қолданылады. Өткен жылы бұл тесті 1 393 066 адам өткен.
Жалпы қорытындылар:
IQ деңгейі шығыс Азияда жоғарырақ. Еуропа, Батыс Азия, Океания, Солтүстік Америка және Солтүстік Африка елдерінде орташа деңгейде. Орталық және Оңтүстік Африка мен Латын Америкасында IQ деңгейі төменірек.
Қай елдер көш бастап тұр? IQ деңгейі бойынша Топ-5:
- Қытай (орташа IQ 107,43)
- Иран (106,63)
- Оңтүстік Корея (106,57)
- Жапония (106,54)
- Сингапур (105,25)
Қазақстанның орны қандай?
Қазақстан 66-орында, орташа IQ көрсеткіші 97,27. Өткен жылмен салыстырғанда елеулі өзгеріс байқалмайды.
ТМД елдері қалай орналасқан?
Қазақстаннан жоғары тұрған елдер:
Ресей (6-орын, 103,31)
Армения (9-орын, 102,64)
Беларусь (16-орын, 101,58)
Грузия (21-орын, 100,7)
Эстония (41-орын, 99,44)
Латвия (47-орын, 99,05)
Литва (50-орын, 98,8)
Әзірбайжан (51-орын, 98,73)
АҚШ 27-орында (100,17).
Өзбекстан 69-орында (96,98).
БАӘ 72-орында (96,83, таңқаларлық, иә?)
Украина 78-орында (95,55).
Бұл рейтинг 127 елді қамтыған.