Home Аналитика Апта жаңалықтарына шолу

Апта жаңалықтарына шолу

14

Қайырлы күн, қадірлі оқырман!
Өткен аптада технология, цифрландыру және қоғамдағы маңызды мәселелер төңірегінде бірқатар өзекті жаңалықтар жарық көрді. Бүгін сіздерге назар аударуға тұрарлық материалдарды ұсынамыз.

2025 жылға дейін қазақстандықтар барлық мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде пайдалана алады. Бұл – цифрлық үдерістердің халық өміріне жақындай түскенінің айқын дәлелі.

Кәсіпкерлер кеден жүйесінің кедергілеріне шағымдануда. Бизнес иелері цифрлық жүйелердің тиімділігіне күмәнмен қарайды.

E-Qurylys порталы енді барлық құрылыс компаниялары үшін ақылы болмақ. Бұл өзгеріс саланың жұмысына қалай әсер етеді?

Жасанды интеллект – жастардың серігіне айналып келеді. Қазақстан жастары жаңа технологияны қалай қолданып жүр?

Балаларды рұқсатсыз түсіруге тыйым күшеймек. Бұл бастама олардың құқығын қорғауға бағытталған.

Самокат жалдау қызметі алаяқтардың жаңа айласына айналды. Қырағылық танытып, алаяқтықтың бұл түрінен сақ болыңыз.

Самокат жалдау қызметі алаяқтардың жаңа айласына айналды. Қырағылық танытып, алаяқтықтың бұл түрінен сақ болыңыз.

Апта жаңалықтары осылай түйінделді.Цифрлық қоғамның тыныс-тіршілігінен хабардар болып, жаңа технологиялар әлемінен тыс қалмаңыз. Mobilaser.kz порталына кіріп, өзіңізге қажет мәліметтерді дер кезінде алыңыз.