Home Техника Автокөліктер Zeekr жаңа көліктер шығару үшін Lynk & Co компаниясын сатып алды

Zeekr жаңа көліктер шығару үшін Lynk & Co компаниясын сатып алды

20

Өткен аптада қазақстандықтар арасында танымал Zeekr бренді Lynk & Co компаниясын сатып алды. Нәтижесінде Zeekr Technology Group құрылды. Мәміле аяқталғаннан кейін Zeekr Lynk & Co компаниясының 51% акциясына ие болды, ал Geely Auto 49%-ын иеленді. Осылайша, Lynk & Co еншілес кәсіпорынға айналды.

Алдағы уақытта Zeekr жоғары және орташа санаттағы көліктер шығаруға назар аудармақ, 40 000 доллардан жоғары нарыққа бағытталады. Ал Lynk & Co брендінің көліктері 27 000 доллардан жоғары нарыққа арнап жасалмақ. Қазіргі уақытта Zeekr үш негізгі бағытта көлік ұсынады: жоғары санаттағы, орташа және ірі сегменттерді қамтитын модельдер. Сонымен қатар, компания болашақта B сегментіне арналған көліктер шығаруды жоспарлап отыр. Lynk & Co компаниясы екі бағытта көлік ұсынады: кіші және орташа көлемдегі, сондай-ақ орташа және ірі көлемдегі модельдер.

36Kr ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Zeekr Technology Group президенті Ан Конхуэй 2025 жылы екі бренд те бес жаңа модель шығаратынын мәлімдеді. «Қазіргі таңда әр бренд өнімдерінің санын 20%-дан астамға қысқартты», – деп атап өтті ол.

Zeekr 007 GT моделі биыл сәуір айында шығарылады. Ал Zeekr-дің алғашқы толық өлшемді флагмандық кроссовері супергибридті технологиямен биыл үшінші тоқсанда шығарылмақ. Люкс санаттағы үлкен кроссовер супергибридті технологиямен төртінші тоқсанда жарық көреді.

Lynk & Co екі жаңа модельді таныстыруды жоспарлап отыр, олардың бірі – Lynk & Co 900 моделі, ол екінші тоқсанда шығарылмақ.