Home Технологиялар Жолда тоқтамай-ақ көлігіңіздің салмағы өлшенеді

Жолда тоқтамай-ақ көлігіңіздің салмағы өлшенеді

21

Елімізде жол сапасын сақтау мақсатында автокөліктерді тоқтатпай-ақ өлшейтін автоматты жүйелер орнатылады. Алдағы жылдары Қазақстанның түрлі өңірлерінде 200-ден астам автоматтандырылған өлшеу жүйесі (АСИ) іске қосылады.

Бұл құрылғылар негізінен қалаларға кіреберісте, жер қазу алаңдары маңында және көлік қозғалысы жиі байқалатын жол бөліктерінде орнатылады. Жүйе жүк көліктерінің салмағын қозғалыс барысында тіркеп, шамадан тыс жүктемелердің жолды ерте тоздырып жіберуінің алдын алуға көмектеседі.

Жаңа технология арқылы жол жабынына түсетін салмақ нақты есептеліп, жолдардың ұзақ қызмет ету мерзімін қамтамасыз ету көзделіп отыр. Сонымен қатар, жүйе көлік иелерінің жауапкершілігін арттырып, жол ережелерінің сақталуына да оң ықпал етпек.