Home Және басқа ақпараттар Жаңа 2025 жылды қарсы аламыз! Жетістіктерді қорытындылап, алдағы мүмкіндіктерді айқындаймыз

Жаңа 2025 жылды қарсы аламыз! Жетістіктерді қорытындылап, алдағы мүмкіндіктерді айқындаймыз

14

Жыл сайын «MOBILASER» мобильді электроника порталы жаңа жыл қарсаңында IT-технологиялар, телекоммуникация, сауда саласында қызмет ететін немесе әлемдік брендтердің Қазақстандағы өкілдерін біріктіретін компаниялардың басшылары мен мамандарымен сұхбаттасып, қызықты әрі танымды сұхбаттар топтамасын жариялайды.

Бүгінгі сұхбатымыздың қонағы- HONOR компаниясының аймақтық директоры Джонибек Вэй.

– Өткен жыл сіздер үшін қандай болды?

– HONOR үшін 2024 жыл тек табысты ғана емес, сонымен қатар шешуші жыл болды. Біз Қазақстан нарығында өз орнымызды нықтап, қытайлық смартфон брендтері арасында көшбасшы атандық. Бұл жетістікке нарықтың қиындықтарына қарамастан қол жеткіздік: сатып алу қабілетінің төмендеуі, нарықтың кеңеюі және күшейген бәсекелестікке қарсы тұра білдік.

– Сіздер үшін жылдың басты жетістігі қандай болды? Қандай трендтерді атап өтер едіңіз?

– HONOR – тұтынушыларына заманауи әрі жоғары сапалы шешімдер ұсынатын жаһандық технологиялық бренд. Біз фото, өнімділік және төзімділік саласында ерекше мүмкіндіктер ұсынамыз.

Мысалы, Android негізіндегі MagicOS 8 операциялық жүйесі жасанды интеллект құралдарына интернетсіз қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз кремний-көміртекті батареяларды алғаш қолдандық, бұл смартфондарды жеңіл әрі жұқа ғана емес, сонымен қатар энергияны тиімді пайдаланып, шектен тыс жоғары немесе төмен температураларда жұмыс істеуге қабілетті етті.

Бүгінгі нарықтың басты тренді – тұтынушыларға сапалы әрі технологиялық шешімдерді қолжетімді бағамен ұсыну. Біз осы бағытта көш бастап келеміз.

Жаңа 2025 жылды қарсы аламыз! Жетістіктерді қорытындылап, алдағы мүмкіндіктерді айқындаймыз

– Келер жылы HONOR компаниясынан не күтсек болады?

– 2025 жыл біз үшін сатылым өсімі мен HONOR интеллектуалды құрылғыларының жаңа пайдаланушыларына толы жыл болады деп сенеміз. Қазақстан нарығында танымал болған смартфондардың X сериясын одан әрі дамытамыз. Сонымен қатар, 2025 жылдың алғашқы айларында флагмандық өніміміз – HONOR Magic7 Pro смартфонын таныстырамыз.

HONOR Magic7 Pro өз пайда болған сәтінен бастап сапаның эталонына айналып, жоғары технологиялардың деңгейін жаңа биікке көтереді деп сенеміз.

Жаңа жылда барша қазақстандықтарға табыс, жарқын болашақ және инновациялар сыйлау – біздің басты мақсатымыз!