Xiaomi компаниясы жақында өздерінің жаңа Redmi Note 14 топтамасын таныстырды. Бұл топтама төрт модельден тұрады: Redmi Note 14 Pro+ 5G, Redmi Note 14 Pro 5G, Redmi Note 14 Pro және Redmi Note 14. Әрқайсысы жоғары технологиялы камералармен, сенімді корпусымен және жаңартылған функционалдық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді, бұл модельдер Redmi Note топтамасын жаңа деңгейге көтерді. Xiaomi жаңа ұсынған смартфондары қазіргі уақытта кең аудиторияға арналған заманауи мүмкіндіктерді ұсынып отыр.
Бүгінгі таңда сапалы камералар мобильді құрылғылардың маңызды бөлігіне айналғаны сөзсіз. Redmi Note 14 смартфондарының камералары жасанды интеллектпен жабдықталған, бұл олардың флагмандық модельдермен тең дәрежеде фотосурет түсіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Pro модельдерінде 200 Мп AI камерасы бар, ол кәсіби деңгейде сурет түсіруге мүмкіндік береді. Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G модельдерінде оптикалық зум бар, ол 2x және 4x-ден бастап 30 есе дейін сапа жоғалтпай үлкейтуге мүмкіндік береді. Ал алдыңғы камераларында 20 Мп сенсоры бар, ең алдыңғы Redmi Note 14 Pro моделінде болса, 32 Мп алдыңғы камера орнатылған.
Redmi Note 14 смартфондарының басқа бір ерекшелігі – контент жасаушыларға арналған түрлі мүмкіндіктер. Мысалы:
Dual Video режимі – бұл алдыңғы және негізгі камералармен бір уақытта видео түсіруге мүмкіндік береді.
Фотосуреттерді оңай өңдеу үшін жасанды интеллект мүмкіндіктері бар, AI-Image Expanding, яғни суреттердің фондарын кеңейту және терең композициялар жасау,
AI Eraser Pro функциясы артық объектілерді бірнеше рет басу арқылы жоюға мүмкіндік береді.

Смартфонды қолдану барысында оның құлап кетуінен қорқу жиі кездесетін жағдай. Бірақ Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G модельдері осы сияқты жағдайларға шыдамды болу үшін All-Star Armor Structure конструкциясымен жабдықталған, ол алюминий жақтаудан, амортизациялық көбік пен буферлік полимерлі қабаттардан тұрады. Сонымен қатар, дисплейлер Corning Gorilla Glass Victus 2 шынымен қорғалған, ал Redmi Note 14 Pro+ 5G моделінің артқы қақпағы Corning Gorilla Glass 7i немесе экологиялық таза былғарыдан жасалған. Бұл модельдерде IP68 қорғаныс рейтингі бар, яғни олар су мен шаңға төзімді. Ал Redmi Note 14 Pro IP64 рейтингімен шаң мен сулануға, ал Redmi Note 14 IP54 рейтингімен жауын-шашын мен желге төзімді.
Смартфонның аккумуляторының ұзақ жұмыс істеуі – күнделікті өмірде өте маңызды фактор. Redmi Note 14 Pro+ 5G модельдері Snapdragon 7s Gen 3 процессорымен жабдықталған және 5110 мАч батареясы бар, ол 120 Вт HyperCharge технологиясы арқылы бірнеше минутта толық зарядталады. Сонымен қатар, MediaTek Dimensity 7300-Ultra және MediaTek Helio G100-Ultra процессорларымен жабдықталған Redmi Note 14 Pro 5G және басқа модельдер қосымшалар арасында оңай ауысуға мүмкіндік береді. Батареялардың сыйымдылығы 5110 мАч-тан 5500 мАч-қа дейін өзгеріп отырады, бұл смартфондарды күні бойы қайта зарядтамай пайдалануға мүмкіндік береді.

Redmi Note 14 модельдері 120 Гц дисплейлерімен жабдықталған, бұл әлеуметтік желілерді қарап шығудан бастап, ойындар мен бейнемазмұнды көруге дейінгі барлық процестерді біркелкі және жылдам етеді. Redmi Note 14 Pro+ 5G және Redmi Note 14 Pro 5G модельдері 1.5K дисплеймен жабдықталған, бұл экрандағы ең ұсақ бөлшектерді көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, TÜV Rheinland Low Blue Light (Hardware Solution) технологиясы мен Flicker Free және Circadian Friendly сертификаттары көзге әсерін азайтады, бұл әсіресе кешкі уақытта жұмыс істеу үшін өте пайдалы.
Бағасы мен түстері
Redmi Note 14 Pro+ 5G үш түсте қолжетімді: қара, күлгін және көк.
8 ГБ+256 ГБ – 209 990 тг.
12 ГБ+512 ГБ – 239 990 тг.
Redmi Note 14 Pro 5G үш түсте ұсынылады: қара, күлгін және көк.
12 ГБ+512 ГБ – 199 990 тг.
Redmi Note 14 Pro үш түсте бар: қара, күлгін және көк.
8 ГБ+256 ГБ – 144 990 тг.
12 ГБ+512 ГБ – 174 990 тг.
Redmi Note 14 төрт түсте ұсынылады: қара, күлгін, көк және жасыл.
6 ГБ+128 ГБ – 87 990 тг.
8 ГБ+128 ГБ – 97 990 тг.
8 ГБ+256 ГБ – 107 990 тг.
Xiaomi компаниясының жаңа Redmi Note 14 сериясы жоғары өнімділік, керемет фотосурет мүмкіндіктері және сенімділігімен ерекшеленеді. Жоғары ажыратымдылықтағы камералар мен интеллектуалды құралдардан бастап, су мен шаңға төзімді берік корпусқа, қуатты процессорлар мен аккумуляторларға дейін, бұл серия жаңа стандартты белгілеп, премиум функцияларды қолжетімді бағада ұсынады.