Home Технологиялар Ғаламтор және желі Терминал арқылы паспорт пен жеке куәлік алу жүйесі енгізіледі

Терминал арқылы паспорт пен жеке куәлік алу жүйесі енгізіледі

15

Қазақстан Республикасының азаматтары жеке басын куәландыратын құжаттарды биометриялық сәйкестендіру негізінде терминалдар арқылы алу мүмкіндігін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында талқылануда.

Терминалдар 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейін республикалық маңызы бар қалаларда, Астанада, облыс орталықтарында және Байқоңырда орнатылуы жоспарланып отыр. Бұл жүйе қазіргі қолданылып жүрген тәртіпке балама ретінде енгізіледі.

Оператор жеке басын куәландыратын құжаттарды беру үшін мемлекеттік бажды қабылдап, төлемдердің дұрыс жүзеге асуын қадағалап, желі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар техникалық талаптарға сәйкес жабдықтарды орнатуға жауапты болады.

Жобаның аясында облыстардағы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы полиция департаменттері мен Байқоңырдағы ҚР ІІМ өкілдігі өтініштерді сапалы және уақытында өңдеуді ұйымдастыруға міндеттеледі.