Samsung Electronics компаниясы Galaxy Z Fold7 және Z Flip7 атты жаңа буындағы бүктелмелі смартфондарын таныстырды.
Galaxy Z Fold7 — ықшамдылығы артқан, мықты әрі жеңіл құрылғы. Жабық күйіндегі қалыңдығы – 8,9 мм, ал толық ашылғанда – бар болғаны 4,2 мм. Смартфон 6,5 дюймдік сыртқы Dynamic AMOLED дисплеймен және 8 дюймдік кең ішкі экранмен жабдықталған. Жаңа экран түстерді қанық, айқын етіп бейнелейді. Яғни, қара түс – қанық, мәтін мен бейне – ерекше анық.
Құрылғыдағы басты жаңалық – Armor FlexHinge топсасы. «Тамшы тәрізді» жаңа механизмі мен көп арналы құрылысы арқасында топса бұрынғыдан да ықшам әрі жеңіл. Бұл шешім құрылғы бүктелгенде пайда болатын иілімді байқатпай, Fold7-нің беріктігі мен ыңғайлылығын арттыра түседі.

Galaxy құрылғыларына арналған ең үздік процессор — Snapdragon 8 Elite жаңа буыны Fold7-ге бұрын-соңды болмаған өнімділік береді. Алдыңғы буынмен салыстырғанда, NPU — 41%-ға, CPU — 38%-ға, ал GPU — 26%-ға күшейтілген. Мұндай қуат жасанды интеллектімен жұмыс істейтін күрделі тапсырмаларды еш қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді.
Fold7 – кәсіби камера сапасы мен AI өңдеуді біріктірген алғашқы бүктемелі смартфон. 200 мегапиксельдік кеңбұрышты камера төрт есе артық детальды қамтиды, ал түсіру нәтижелері 44%-ға жарығырақ. Негізгі экрандағы 100° бұрышты камера кең кадр ұсынатындықтан, топтық селфи түсіру анағұрлым оңай.
10-биттік HDR түс тереңдігін арттырады. Бейнежазбаларда бояулар қанық, көлеңкелер айқын, ал жалпы көрініс шынайы әсер қалдырады.
Galaxy Z Flip7 – қалтаға сыйып кететін ықшам әрі ақылды құрылғы. Жаңа FlexWindow экраны бүкіл алдыңғы панельді қамтиды. Бұл – бұрынғы Flip үлгілеріндегі ең үлкен, 4,1 дюймдік Super AMOLED сыртқы экран. Смартфонды ашпай-ақ хабарламаларды оқу, камераны пайдалану немесе музыка басқару – бәрі қолжетімді. Ал негізгі 6,9 дюймдік Dynamic AMOLED 2X экраны жоғары айқындық пен өте тегіс кескін ұсынады.

Қазақстанда жаңа Galaxy құрылғыларына алдын ала тапсырыс беру 9 шілдеде басталды. Ресми сатылым 8 тамызда басталады. Алдын ала тапсырыс бергендерге арнайы ұсыныстар қарастырылған:
- Samsung Pay арқылы төлем жасағанда — 10% жеңілдік
- Фирмалық қаптарға — 50% жеңілдік
- Trade-in бағдарламасы арқылы құрылғыны тиімді жаңарту мүмкіндігі
- Эксклюзивті жалбыз түсті нұсқа
- 1 ТБ жадпен жабдықталған Galaxy Fold7 үлгісі
- 1 жылдық Samsung Care кепілдігі , экранды тегін ауыстыру мүмкіндігі
G- oogle AI Pro26 қызметіне кеңейтілген қолжетімділік және 2 ТБ бұлтты сақтау орны — 6 айға тегін