Илон Маск өзінің xAI компаниясы 18 ақпан күні Grok 3 моделінің жаңартылған нұсқасын таныстыратынын мәлімдеді.
«Grok 3 дүйсенбі күні кешкі 20:00-де (Тынық мұхиты уақыты бойынша) ұсынылады. Бұл – жер бетіндегі ең ақылды жасанды интеллект! Демалыс күндері әріптестеріммен бірге оны жетілдіруге назар аударатындықтан, желіде болмаймын», – деп жазды Маск сенбі күні X әлеуметтік желісінде.
Сондай-ақ ол Grok-тың мүмкіндіктерін көрсету үшін жасанды интеллектінің қайта өңдеген бірнеше жұмысын бөлісті. Солардың бірі – «Сақиналар әміршісі» кітабындағы өлең жолдарын жаңа үлгіде бейімдеу. Масктың айтуынша, бұл модельге іздеу, ойлау, есте сақтау және әзіл қосылған.
«Мен түпнұсқаның стилі мен құрылымын мүмкіндігінше сақтап, оны технологиялық тақырыпқа сәйкестендірдім», – деді ол.
Бұдан бөлек, Маск Grok-тан The Information басылымы туралы пікір сұрағанын да хабарлады. Жасанды интеллект X платформасын «сенімді жаңалықтар көзі» деп бағалаған.
Оның сөзінше, Grok синтетикалық деректер негізінде оқытылған және өз қателерін талдап, оларды логикалық сәйкестікке келтіре алады.