Lenovo компаниясы енді Қазақстандағы тұтынушыларға өз өнімдерін тікелей ұсынуға мүмкіндік алды. Ресми интернет-дүкеннің ашылуымен бірге кез келген адам үйден шықпай-ақ Lenovo құрылғыларын оңай сатып ала алады. Мұнда жоғары өнімді ойын ноутбуктары, кәсіби жұмысқа арналған ThinkPad станциялары мен заманауи Legion Go консолі ұсынылған.
Жаңа онлайн-дүкенде Lenovo-ның кең ассортименті ұсынылған: ойын ноутбуктары, жұмысқа арналған станциялар, моноблоктар, мониторлар мен түрлі аксессуарлар. Ең басты артықшылықтардың бірі – жаһандық премьералармен бір уақытта жаңа өнімдерді сатып алу мүмкіндігі. Қазірдің өзінде сайтта Legion Go портативті консолі мен жақында таныстырылған Lenovo Legion 9i ноутбугын алуға болады.
Lenovo техниканы саналы түрде таңдауға көмектесетін кәсіби кеңес беру қызметін де ұсынады. Жақын арада кепілдікті ұзарту мен зақымданудан қорғау секілді қосымша сервистік қызметтер де сатылымға шығады.
Құрылғы таңдауды жеңілдету үшін интернет-дүкенде “Баптаулар бойынша іздеу” функциясы бар. Сондай-ақ, ноутбуктарды қолдану мақсатына қарай іріктеу мүмкіндігі де ұсынылған. Бұл техникалық сипаттамаларды терең білмейтіндер үшін өте қолайлы.
Lenovo интернет-дүкені шағын және орта бизнес өкілдеріне де тиімді. Корпоративтік клиенттерге арнап құрылғыларды жеке конфигурация бойынша алдын ала тапсырыс беру, қолма-қол ақшасыз төлем жасау, толық бухгалтерлік құжаттар жинағын алу мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар, арнайы жеңілдіктер мен акциялар шығынды оңтайландыруға көмектеседі.
Интернет-дүкендегі барлық өнімдер Қазақстан аумағында ресми түрде сертификатталған және Lenovo-ның уәкілетті сервис орталықтарында кепілдікпен қамтамасыз етіледі. «Қолдау және кепілдік» бөлімінде өз өніміңіздің кепілдік мерзімін тексеріп, Lenovo мен Motorola құрылғыларын пайдалану және жөндеу жөніндегі нұсқаулықтармен танысуға болады.
Mobilazer оқырмандарына шілде айының соңына дейін барлық тауарларға жеңілдік беретін MOBILASER промокоды қолжетімді.
Сайтқа кіріп, өзіңізге қажетті құрылғыны таңдаңыз: https://shop.lenovo.kz