Home Технологиялар VR мен AR InteRecon технологиясы ескі ойыншықтарға жан бітіреді

InteRecon технологиясы ескі ойыншықтарға жан бітіреді

9

Массачусетс технологиялық институтының, Гонконг ғылым және технология университетінің және Цюрихтегі Швейцария Жоғары техникалық мектебінің зерттеушілері бірлесіп ерекше сандық жобаны іске қосты.

InteRecon технологиясының көмегімен кез келген адам өз балалық шағының ойыншығын «тірілтіп», оған естеліктерге толы бейнелер мен сүйікті әуендерді қоса алады. Бұл технология ойыншықтарды тек цифрлы бейнелеу құралына емес, шынайы өмірмен байланысқан интерактивті объектіге айналдырады.

Жүйе төрт кезеңнен тұрады: алдымен ойыншықтың 3D моделін жасау қажет, кейін оған физикалық қозғалыстар мен дыбыстар енгізіледі. Бұл процесс iPhone-ға арналған арнайы қосымша арқылы жүзеге асады. Қолданушы ойыншықты сканерлеп, оның үш өлшемді үлгісін жасап, оны InteRecon MR платформасына жүктейді. Әрі қарай арнайы гарнитура (мысалы, Meta Quest) арқылы пайдаланушы виртуалды интерфейске еніп, ойыншықты бірнеше бөлікке бөліп, әрқайсысының қозғалысын жеке-жеке реттей алады.

Мысалы, ескі қоян ойыншығына ұзын құлақтар қосып, олардың қозғалысын бағдарламалауға болады. Немесе шағын теледидар пішініндегі ойыншыққа бала күнгі сүйікті мультфильмдерді орнатып, арналарды ауыстырғандай әсер жасауға мүмкіндік туады. Бұдан бөлек, қолданушы өз видеосын жүктеп, ойыншық арқылы жеке естелігін де жаңғырта алады.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл технологияны тек ойын-сауық мақсатында ғана емес, түрлі салада тиімді қолдануға болады. Мысалы, сән саласындағы дизайнерлер жаңа маталарды сынап көру үшін, ал медицина саласындағы студенттер хирургиялық дағдыларын шыңдау үшін пайдалана алады.

InteRecon -технология мен естеліктің тоғысынан туған жоба. Ол арқылы адамдар өз балалық шағының бір бөлшегін заманауи цифрлы кеңістікке көшіріп, жаңаша әсер ала алады. Бұл тек ойыншық емес — ескі мен жаңаның, шынайы өмір мен виртуалдың біртұтас үйлесімі.