Home Технологиялар Ғаламтор және желі Қазақстанда Tizilim ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасы іске қосылады

Қазақстанда Tizilim ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасы іске қосылады

10

Tizilim жүйесінің жаңартылған нұсқасы өнеркәсіптік іске енгізу сатысының соңғы кезеңінде тұр. Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрлігі хабарлады.

Tizilim – жер қойнауын игеру кезінде пайдаланылатын тауарлар, көрсетілетін қызметтер мен жұмыстар және оларды өндіретін кәсіпорындардың бірыңғай тізілімі. Бұл жүйе саладағы барлық жеткізу және қамту үдерістерін цифрлық форматта жүргізуге арналған.

Министрліктің мәліметінше, жүйе мемлекеттік техникалық сынақтардан сәтті өткен. Қазіргі уақытта ірі жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен кең ауқымды тестілеу жүріп жатыр.

Жаңартылған платформа мен бизнес-процестермен танысып, өз пікірін білдіргісі келетіндер мына сілтеме арқылы тестілеуге қатыса алады: https://tz.qazindustry.gov.kz/ru/auth/login. Бұл – тек демонстрациялық мақсаттағы сынақ алаңы екенін министрлік ескертті.