Цифрлық технологиялар қазақстандықтарға онлайн-сервистерге жылдам қол жеткізуге мүмкіндік берсе де, сонымен бірге алаяқтықтың жаңа тәсілдері пайда болуда. Құқық бұзушылар жасанды интеллектіні пайдаланып, нақты адамдардың дауысын және бейнесін еліктейтін жалған видео, аудио және суреттер жасайды. Әлеуметтік желілерде шындыққа сәйкес келмейтін облигациялар, акциялар мен қаржылы инвестиция жасау ұсынылған видеолар жиі кездеседі.
Алаяқтар өздерін банк, мемлекеттік орган немесе зейнетақы қоры қызметкері ретінде таныстырып, пайдаланушылардың жеке және қаржылық деректерін алу әрекетін жасайды. Әсіресе ақпаратты тексермей сенетін адамдар қауіпті жағдайда қалуы мүмкін.
Ұлттық зейнетақы қорында ескерткендей, зейнетақы активтерін басқарумен тек Ұлттық банк айналысады. Жинақтарды инвестициялық портфельге аудару тек ресми портал арқылы мүмкін. Барлық қызметтер тегін, ал қызметкерлер ешқашан SMS-кодтар, карта деректері немесе басқа жеке ақпаратты сұрамайды.
Қауіпсіздік үшін мобильді қосымша, enpf.kz сайты, 1418 байланыс орталығы және қордың әлеуметтік желідегі ресми парақшалары секілді тек ресми ресурстарды пайдалану маңызды.
Сарапшылар егде жастағы туыстарға бұл қаупі туралы алдын ала ескерту жасап, жеке деректер мен жинақтарды қорғау үшін цифрлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керегін айтады.












