Home Аналитика Қытайда ғарыштық есептеу саласындағы алғашқы инновациялық орталық құрылды

Қытайда ғарыштық есептеу саласындағы алғашқы инновациялық орталық құрылды

23

Қытай астанасында елдегі алғашқы ғарыштық есептеу индустриясына арналған инновациялық орталық ресми түрде құрылды. Жаңа орталық ғарыштық есептеу саласындағы өндірістік тізбектің барлық буындарын біріктіруге және спутниктік заттар интернеті (IoT) секторын дамытуға серпін беруге бағытталған. Бұл туралы сәрсенбі күні Science and Technology Daily газеті хабарлады.

Инновациялық орталық зерттеудің алты негізгі бағытын айқындаған. Олардың қатарында: ғарышта қолдануға арналған жоғары сенімді және жоғары температураға төзімді есептеу микрожүйелері; ғарыштық ортаға бейімделген жоғары өнімді, гипербайланысқан есептеу жүктемелері; спутниктік платформалар мен ғарыштық есептеулерге арналған стандартталған жүйелер; энергия тұтынуы шектеулі жағдайда жұмыс істейтін ғарыштық ірі модельдер; «ғарыш–жер» арасындағы өлшеу және басқарудың интеграцияланған бұлттық желілері; сондай-ақ қызмет көрсету мен токенизацияланған операцияларға бағытталған ғарыштық есептеу қуаттары бар.

Жоспар бойынша, инновациялық орталық маусым айының соңында ресми түрде ашылады деп күтілуде, деп хабарлады басылым.

Ғарыштық есептеу ұғымы спутниктер мен ғарыш станциялары сияқты орбиталық платформаларда деректерді өңдеу, сақтау, шешім қабылдау мүмкіндіктерін пайдаланатын жаңа есептеу парадигмасын білдіреді. Бұл жөнінде Beijing Daily газетінің басқа бір материалында айтылған.

Инновациялық орталыққа Пекин пошта және телекоммуникациялар университеті (BUPT) мен ғарыштық есептеу саласындағы жетекші кәсіпорындар бірлесіп басшылық жасайды.

Beijing Daily басылымы Пекин почта және телекоммуникациялар университетінің Компьютерлік ғылымдар мектебінің деканы Ван Шангуанға сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Пекинде аэроғарыш және есептеу салалары бойынша елдегі ең толық өндірістік тізбек шоғырланған. Сондай-ақ мұнда зымыран және спутник техникасымен айналысатын компаниялар, үлкен деректер модельдерін әзірлейтін фирмалар және микросхема өндірушілері көптеп орналасқан. Бұл жағдай ғарыштық есептеулерді дамыту үшін бірегей негіз қалыптастырып отыр.

Дереккөз: Синьхуа.

Қосымша материалдар мен сараптамалық мақалаларды біздің Telegram арнамыздан оқи аласыздар.