Home Және басқа ақпараттар Жасөспірімдерге арналған Enshrouded – тұманды жеңіп, ерлікке бастар жаңа шытырман

Enshrouded – тұманды жеңіп, ерлікке бастар жаңа шытырман

22

Keen Games студиясы «Enshrouded» атты бірлесіп ойнауға болатын, рөлдік элементтері бар жаңа ойынды таныстырды. Жоба Minecraft, Valheim және The Legend of Zelda: Breath of the Wild сынды танымал ойындармен салыстырылып жатыр.

Ойын желісі сиқыр мен сұлулық салтанат құрған, бүгінде күйреп, тұман басқан Эмбервэйл атты елде өрбиді. Бұл өңірді енді бұрынғыдай ғажап көріністер емес, беймәлім тұман билеп тұр. Қара тұман айналаны жайлап, тіршілік иелерінің пішінін өзгертіп, ерік-жігерін өзіне бағындырады.

Enshrouded – тұманды жеңіп, ерлікке бастар жаңа шытырман

Осы әлемді құтқару – Оттан туғандар атанған жауынгерлердің қолында. Ойыншылар дәл солардың рөлін сомдайды. Алдыңызда – жұмбаққа толы саяхат пен шайқастар. Жекпе-жек жүйесі қарсыласқа назарды бағыттап, шабуылды тойтаруға, дәл соққы жасауға мүмкіндік береді. Жаудың шыдамын тауысып, шешуші соққы жасауға болады.

Enshrouded – тұманды жеңіп, ерлікке бастар жаңа шытырман

Enshrouded-тағы тіршілік ету ережелері қатал емес. Аштық не шөлден өлмейсіз, бірақ әл-қуатыңыз азайып, шайқаста әлсіз боласыз. Сондықтан күшіңізді үнемдеп, ақылмен әрекет ету керек.

Ойынның ең қауіпті тұсы – төменгі аймақтарда жайлаған қою тұман. Бұл өңірге ұзақ аялдауға болмайды, денсаулыққа қауіп төндіреді. Тұманның әсерінен сақтану үшін арнайы сусындар дайындау керек. Ал тұман билеген мекеннің көсемін жеңсеңіз, тұман сейіліп, сізге сирек кездесетін құнды зат табысталады.

Enshrouded – тұманды жеңіп, ерлікке бастар жаңа шытырман

Ойын барысында сіз өзіңізге лайық қабілеттерді таңдай аласыз. Дегенмен, негізгі бағыттар: жауынгер, сиқыршы және садақшы екенін бірден аңғаруға болады.,

Enshrouded 2023 жылдың соңына дейін Steam платформасында ерте қолжетімді нұсқада жарық көреді деп күтілуде.