Home Аналитика eLicense.kz арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1,5 миллионнан асты

eLicense.kz арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1,5 миллионнан асты

12

2025 жылдың басынан бері eLicense.kz платформасы арқылы 1,5 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда бұл жүйені күніне орта есеппен 30 мыңға жуық адам пайдаланады. Бұл – лицензиялау саласындағы цифрлық шешімдерге деген тұрақты сұраныстың айғағы.

Электрондық үкімет аясында іске қосылған бұл платформа лицензия мен рұқсат қағаздарын алу жолын едәуір жеңілдетіп, қағазбастылықты азайтуға мүмкіндік берді. Бүгінде жүйеде 4 миллионнан астам қолданушы тіркелген. Оның 3,8 миллионы – жеке тұлғалар, ал 255 мыңы – заңды тұлғалар.

2025 жылдың алғашқы жартысында eLicense.kz қызметтер тізімін кеңейтті. Енді платформа арқылы білім беру қызметіне лицензия (соның ішінде жоғары және діни білім беру), балаларға қосымша білім беру туралы хабарлама жолдау, сондай-ақ кейбір шикізат түрлерін экспорттауға құжат тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.

Қолданушылар арасында ең көп сұранысқа ие қызметтер – кәсіпкерлік қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберу, халықаралық тасымалға рұқсат алу және медицина мамандарын сертификаттау.