Home Технологиялар Ғаламтор және желі eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

eGov порталында жаңа қызмет іске қосылды

16

Қазақстандықтар мемлекеттік қызметтің кеңейтілген нұсқасы арқылы білім беру құжаттарындағы мәліметтерді тексеріп, қателерді түзету және оларды цифрлық форматта алуға мүмкіндік алды. Бұл үшін аттестаттар мен дипломдардың скан-көшірмесін жүктеп, олардың цифрлық нұсқасын жасауға болады.

Құжаттың цифрлық нұсқасын алу үшін төмендегі қадамдарды орындау қажет:eGov.kz порталына тіркеліп, «Азаматтарға» – «Білім беру» бөліміне өтіңіз.

«Білім беру құжаттары туралы мәліметтерді жаңарту (құжаттарды түзету)» қызметін таңдап, «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.

Өтініш түрін – «Білім беру құжаттарын цифрлық форматқа көшіру » деп көрсетіңіз.

Құжат түрін таңдап, оның скан-көшірмесін жүктеңіз.

Қызметтің нәтижесі жеке кабинетіңіздегі «Қызметтер тарихы» бөлімінде пайда болады.

Қазіргі уақытта 1980-2023 жылдар аралығында берілген орта білім, арнаулы және техникалық білім туралы құжаттардың цифрлық көшірмесін жасау мүмкіндігі бар. Қызметтің көрсетілу мерзімі – 5 жұмыс күні.